Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы әкімінің орынбасары өңірді бірінші болып «COVID-19» инфекциясына қарсы екпе салдырды

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары өңірді бірінші болып «COVID-19» инфекциясына қарсы екпе салдырды

1 ақпан күні елімізде жаппай вакцинация басталды. Вакцина салдыруға арнайылап облысымызда 154 егу кабинеті мен 64 жылжымалы бригада әзірленуде. Облыс әкімі мен оның орынбасары алғаш болып вакцина салдырғандар қатарынан табылды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қалалық №3 емханада «COVID-19» инфекциясына қарсы ресейлік екпені салдырды. – Мен бүгін ерікті түрде өзіме екпе ектірдім. Дәрігер мамандар екпеден кейін ине салынған орынға су тигізбеуге және егу орнын жылы ұстауға кеңес берді. Мамандар кеңесіне сәйкес әрекет ететін боламын. Мына әлемді жайлаған індеттің таралу қаупін тек екпе салдыру арқылы ғана төмендете аламыз! Сол себепті барша халықты короновирустан қорғану үшін екпе салдыруға шақырамын!, - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова. Ал облыс бойынша алғаш болып екпені облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет салдырған болатын.

1 ақпан күні таңертең Қызылорда облысына «Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы әкелінді. Жалпы жыл ішінде 80 мың доза әкелінеді деп жоспарланған. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, созылмалы аурулармен ауратын топтағы адамдарға салынады. 18 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқан қарияларға екпе салынбайды. Бүгін облыс бойынша 14 егу кабинеті белгіленді. Бұдан бөлек шалғай елді мекенде тұратын азаматтарға вакцина салу үшін 46 жылжымалы бригада ұйымдастырылды. Қазір облыс «жасыл аймақта». Эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Күрделенген жағдайда 8 стационар, 61 алғашқы медициналық-санитарлық мекеме жұмылдырылатын болады.
Айта кетейік, әлем елдерінде жаппай вакцина салу Желтоқсан айының соңында басталып кеткен. Қазірдің өзінде Германия, Франция, Испания, Австрия, Болгарии, Чехия, Италия секілді көптеген елдер миллондаған азаматтарға екпе жасап үлгерді. Олардың басым көпшілігі американдық Pfizer вакцинасы мен Қытай және Иран елдерінің вакцинасына басымдылық беріп отыр.

Рамазан Бектұрғанұлы
01 ақпан 2021 ж. 717 0