Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы екпе егу ақпан айында басталады

Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы екпе егу ақпан айында басталады

ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға қарсы екпе егу 2021 жылдың ақпан айында басталады, деп хабарлайды Ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта вакцинациялауға жататын топтар бойынша адамдардың санын нақтылау, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны сақтауға және тасымалдауға арналған құрал-жабдықтарды тексеру және егу пункттерінің жарақтандырылуы бөлігінде ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілуде. Телемедицина форматында «Спутник V» вакцинасынын жүргізудің алғышарттары, тасымалдау және егу жұмыстарын ұйымдастыру алгоритмі мен вакцинациялау көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдері тақырыбында облыстық медициналық ұйымдардың 65 жауапты маманы мен 324 эпидемиолог дәрігерлері арнайы оқытылды. Халықтың осал топтары үшін вакцинация ақысыз және ерікті түрде жүргізіледі. Екпе 2 кезіңнен тұрады, яғни бірінші дозадан 21 күн өткен соң екіншісі егіледі. Облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу 154 егу кабинеттері белгіленді. Бұдан бөлек шалғай елді мекен тұрғындарына екпе салу үшін 64 жылжымалы егу бригадалары қарастырылған. Вакцина салу алдында денсаулық жағдайы бойынша анамнез нақтыланады, егер дене температурасы 37 градустан жоғары болса екпе салынбайды. Сонымен қатар инфекциялық және инфекциялық емес аурудың өршу кезеңі екпе егуге қарсы көрсетілім болып табылады. Бұл жағдайда вакцина аурудан жазылғаннан кейін 2-4 аптадан соң жүргізіледі. Жеке қарсы көрсетілімдер вакцинациялау алдында аймақтық дәрігермен ресімделінеді.

27 қаңтар 2021 ж. 74 0

Қоғам

Алғыс айту
01 наурыз 2021 ж. 35

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (8871)

01 наурыз 2021 ж.

№16 (8870)

26 ақпан 2021 ж.

№15 (8869)

23 ақпан 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам