Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанай облысында тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталды

Қостанай облысында тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталды

Биыл Қостанай облысы бойынша 57 мың адамға тұмауға қарсы тегін екпе салынады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 48 миллион теңге бөлініп, қажетті вакцина толық көлемде алынды. Қазір қала, аудандарда барлығы 361 екпе кабинеті адамдарды қабылдауға дайын. Тұмауға қарсы тегін екпемен жұқпалы дертке бейім балалар, медициналық қызметкерлер, қарт кісілер мен жүкті әйелдер қамтылады. Халықтың қалған бөлігі ақылы екпе жасата алады. Әзірге оның бағасы қанша болатыны беймәлім. Ал облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің мамандары бұл кезеңде жағдайды ұдайы бақылауда ұстайтындарын айтады. Юрий Севостьянов, облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті басшысының орынбасары: – Бүгінен бастап эпидемиологиялық жағдайға апта сайын мониторинг жүргізіп тұрамыз. Ал желтоқсанның бірінен бұл міндетті күн сайын  атқарамыз. Тұмаудың кең таралуына жол бермеу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланамыз.

www.24.kz
02 қазан 2018 ж. 1 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31