Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордаға сәуір айында қазақстандық вакцина жеткізіледі

Қызылордаға сәуір айында қазақстандық вакцина жеткізіледі



ҚазАқпарат - Қызылорда облысына сәуір айының соңына таман «QazCovid-in» вакцинасы жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі күнге дейін өңірде 10 659 адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды. Жақын күндері тағы да «Спутник V» вакцинасының бес мың дозасы жеткізіледі. Сондай-ақ, аймаққа сәуір айының аяғында «QazCovid-in» вакцинасы әкелінеді. «Жалпы, шілде айына дейін 80 мың адамға екпе салуды жоспарлап отырмыз. Эпидемияны түбегейлі жеңудің жолы - вакцина салдыру. Әрине, ол ерікті түрде жүргізіледі. Негізінде ұжымдық иммунитет қалыптастыруымыз керек. Сол себепті барша халықты коронавирус инфекциясынан қорғану үшін сақтық шараларын сақтауға, екпе салдыруға шақырамын», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов. Қазіргі таңда 9 ПТР аппараты жұмыс істейді. Тәулігіне 1000-1100 аралығында сынама алынуда. Қажеттілік туындаған жағдайда зерттеу санын 1900-ге дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Естеріңізге сала кетелік, бүгінгі күнге дейін Қызылордада 10659 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды.
inform.kz
15 сәуір 2021 ж. 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930