Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы вакцина салу жөнінен алдыңғы қатарда келеді

Қызылорда облысы вакцина салу жөнінен алдыңғы қатарда келеді

Қызылорда облысының тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцина салдыру жөнінен елімізде алдыңғы қатарда келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елімізде қатерлі індетке қарсы екпе алудан Қызылорда облысы алдыңғы қатарда келеді. Бүгінге дейін облыста вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны 225 110 адамға жетсе, халықтың қамтылуы 55,8 пайызды құрады. Ал 2 компонентін алғандар - 160 557 адам. Бұл халықтың 39,2 пайызына тең. «Өңірге отандық «QazVac» вакцинасының 4 мың дозасы жеткізіліп, қала, аудан емханаларына бөлінді. Тұрғындар егу жұмыстарын бастап та кетті», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов. Осы уақытқа дейін екпе алғандар арасында 130 адам короновируспен ауырған. Толық 2 компонентін алғандардың ішінде ол 22 жағдай ғана тіркелді. Адам денесінде толық иммунитет қалыптасу үшін 14-45 күн өтуі қажет. Айта кету керек, коронавирус инфекциясына қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті мен 37 жылжымалы пункттің жұмысы ұйымдастырылған
https://www.inform.kz​​​
06 тамыз 2021 ж. 617 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930