Қызылордаға коронавирусқа қарсы «QazVac» екпесі жеткізілді
ҚазАқпарат - Қызылорда облысына қазақстандық коронавирусқа қарсы «QazVac» екпесі жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облысқа 36200 вакцина келді. Оның 34200-і «Спутник V» вакцинасы болса, 2000-ы қазақстандық «QazVac» екпесі. «Спутник V» барлық аудандарға бөлінсе, «QazVac» бойынша екпе салу әзірге қалада жүргізілуде. «Айта кетерлігі, «QazVac» вакцинасы екі дозалы вакцина және бір ампула бір адамға арналған. Сонымен қатар, отандық вакцина мұздатуды қажет етпейді, яғни, екпе плюс 2-ден 8 градусқа дейінгі температурада сақталады. Айта кетейік, қазіргі таңда еліміз вакциналар өндірісін іске қосқан және вакциналарды шығарудың толық циклін әзірлеуден бастап қолдануға дейін өз бетінше игерген әлемнің 10 елінің қатарына енді. Айта кетейік, бүгінде инфекциялық және провизорлық стационарларда төсек-орын, дәрі-дәрмек, оттегі, концентратор секілді қажетті құрал-жабдықтардың барлығы жеткілікті. Облыс бойынша қазір инфекциялық стационарда 374 науқас, реанимациялық бөлімде 44, оның 28-і қалада, 16-сы аудандарда ем қабылдауда», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов. Егу жұмыстары қазір №1, 3, 4, 5, 6 және «Сенім» емханаларында, облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында, «Интертич» клиникасында, Қызылорда ТЖ, «ASA» ЖШС, барлық ауданда және Байқоңыр қаласында жүргізілуде. Облыс бойынша барлығы 32 егу кабинеті, 23 жылжымалы топ бригадасы ұйымдастырылды. Жалпы, вакцинациялау жұмыстары халыққа қолжетімді болуы мақсатында қосымша театр, базарлар мен сауда орталықтарында жүргізіледі. Қызылорда қаласы «қызыл» аймаққа енгізілді.
https://www.inform.kz