Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «PFIZER» ВАКЦИНАСЫН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АЛАДЫ

«PFIZER» ВАКЦИНАСЫН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АЛАДЫ

Өңіріміздегі эпидемиологиялық ахуалды жақсартып, ұжымдық имунитет қалыптастыру мақсатында жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге АҚШ- та өндірілген «PFIZER» вакцинасын салу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда бұл екпені жүкті әйелдер мен жасөспірімдер өздерінің келісімдерімен салғызуда. Осы жайында бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте №4 қалалық емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері Ұлжан Болатова мәлімдеді.
"Өткен жылдан бері әлем елдері коронавирус індетімен күресіп келеді. Өкінішке қарай, қауіпті кеселді ауыздықтау әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр. Оның үстіне, қазіргі таңда әлемде вирустың мутацияланған жаңа түрлерінің де қауіптілігі аса жоғары болып отыр. Вирустың бұндай түрлерінің жұғу пайызы жоғары. Бұл дерттің алдын-алып, сақтанудың жалғыз жолы - вакцина салдыру.
Осы аптада №4 қалалық емханада 6 жүкті әйел өз еркімен «PFIZER» вакцинасын қабылдады. Аталаған вакцинаға белгілі шектеулер бар. Атап айтқанда, 16-37 аптадағы жүкті әйелдер және босанғаннан кейін 72 күннен соң екпені ала алады», - деді Ұлжан Маратқызы.
21 қараша 2021 ж. 420 0