Елбасы – ел мақтанышы
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Жыл сайын бұл күні елімізде Тұңғыш Президенттің тәуелсіз мемлекеттің қалыптасып, нығаюына қосқан зор үлесі туралы баяндайтын түрлі көрмелер, мерекелік концерттер мен басқа да шаралар өтеді. Биылғы жылы да бұл үрдістен жаңылмаған шиеліліктер 1 желтоқсан күні Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде «Ұлтымның ұлы көшбасшысы» атты мерекелік кеш өткізді.
Салтанатты кешке аудан әкімі Н.Әскербекұлы, мемлекеттік мекеменің сала басшылары, орган өкілдері, ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысты. Әсем әуен, ерекше ырғақпен бастау алған шарада лэд экран арқылы Елбасының Тәуелсіз Қазақстан елінің негізін қалауда сіңірген еңбегінен сыр шертетін тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Онда Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды гүлдендірудегі еңбегі, ішкі-сыртқы саясаттағы көрегендігі, көшбасшылық қасиеті, жаңа Астананы құрудағы бастамасы көпшілік назарына ұсынылды. Мұнан соң мерекелік салтанатқа Мемлекеттік Ту енгізіліп, Гимн орындалды.

Салтанатты іс-шараның алғы сөзін аудан әкімі Н.Мақұлбеков алды.
– Құрметті ағайын, қадірлі жерлестер! Қазақ қоғамы үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылында жасалған таңдау түбегейлі өзгерістердің бастауы болды. Ел сенімін арқалаған Елбасы Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын бекітті. Төрткүл дүниеге танымал етті. Елбасының мықты саяси ерлігі мен көреген саясатының арқасында үлкен белестерді бағындырып, толағай жетістіктерге қол жеткіздік. Нұрсұлтан Әбішұлы аз ғана уақыт ішінде жаһандық бастамалардың иесі, кемеңгер саясатшы ретінде әлемге танылды. Сыр елі Елбасының ерекше ықыласына бөленген аймақ. Баршаңызды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаймын, – деді .
Мұнан әрі шара ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан сала қызметкерлерін марапаттаумен жалғасты. Кеш барысында жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметкерлердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. Айта кетейік, мерекелік кешттің соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, ауданның «Құрметті азаматы» Айтбай Жұмабек және бір топ сала ардагерлері ақ күріштің атасы «Ы.Жақаевтың-130 жылдығы» медалімен марапатталды.
Шапағат Тілеубай