ШИЕЛІДЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ



Елінің аманатын арқалаған Тұңғыш Президент күнінде аудан әкімі Әшім Оразбекұлы аудан тұрғындарын мәртебелі мерекемен құттықтады. - Бұл - ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған Азаттық алауын жаққан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық. Сондықтан да бүгінгі мейрамның сыры мен сипаты, халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше.
Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, болашаққа бағыт-бағдар берген, бүгінгідей біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда – Елбасының еңбегі ұшан-теңіз» - деп аудан басшысы Елбасының Қазақстан тарихында алатын ерекше орны мен оның сарабдал саясаты арқылы мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктерін баса айтты.
Мерекелік шара мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалған қызмеркер салтанатты түрде ант қабылдау сәтіне ұласты. Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан сала қызметкерлерлері мен аудан ардагерлері марапатталды.