«Жылқы ішінде жылқы көп, қазанаты бір бөлек, ел ішінде жігіт көп, азаматы бір бөлек». Қала баласы даланың тіршілігіне араласып, көшпелі қазақ халқының өмірін жаңғырту үшін ауыл шаруашылығына білек сыбана кіріскен. Қымыз ішіп, қазы-қарта жеп, салт атты жаратып мініп өскен қазақ жақсысын арғымаққа балайды емес...
Елімізде статистика күні сонау 1920 жылдың 8 қарашасынан бастап тойланып келеді. Бүгінде аталған саланың құрылғанына 102 жыл толды. Бұл саланың тек үкімет үшін ғана емес, қоғам үшін де мәйекті маңызы бар. Себебі бұл сала болып жатқанның бәрін іс жүзінде жарқырата көрсететін қоғам айнасы. Осындай атаулы...
Сыр өңірі – сонау Фараб пен Яссыдан, Сауран мен Сығанақтан, Жанкент пен Женттен бастап, Көк теңізге немесе бір кездегі Хазар, Арал теңіздеріне дейінгі алқапта аты қалған, бүкіләлемдік жылнамада өзіндік үлкен орны бар тарихи өлке. Көне дәуірдің куәсі – Сырдың бойында халықтың алғаусыз алғысына ие болған,...
Дәл осындай атаумен Шиелі индустриалды-аграрлы колледжінде патриоттық кездесу өтті. Мемлекеттік Рәміздердің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болып отыр....
Өткен аптада «Балалар жылына» орай Шиелі аудандық «Арман» мәдениет үйінде «Бір жұлдыз болып жанамыз» атты өнер фестивалі өтті. Фестивалдің мақсаты ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өзін өзі тануға жәрдемдесу, қоғаммен етене араластырудың тиімді тәжірбиесін...
Шиелі «сүлей», «шайыр» деп дәріптейтін ақын-жазушыларға бай мекен. Биыл арқалы азамат Бұдабай Қабылұлының туғанына – 180 жыл. Осыған орай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Телікөл ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен, Ә.Тәжібаев ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Өзге сөзден өлеңге ұста...
«Қазақстан Республикасындағы ландшафтарды қалпына келтіру жөніндегі» Дүниежүзілік Банк Жаһандық экологиялық қоры - жобасы шеңберінде Қызылорда орман шаруашылығының мемлекеттік орман қорының 3 000 гектар алаңында «Жасыл аймақ» құру көзделген. Оның ішінде Шиелі ауданы аумағы да бар....
Бұрнағыда құрақ құрау мата қиындысын ысырап етпес үшін жасалған екен. Ал бүгінде сол құрақтан әдемі етіп тігілген көздің жауын алар көрпелер әр шаңырақтың көркі. Әдетте бұл іске ебі барлар құрақ құраумен қатар түрлі төсеніш, жапқыш, перде, қоржын сияқты бұйымдарды тіге береді. Еңбекші ауылында осы өнермен...
Барыс жылы еліміз үшін айтулы оқиғаларға толы болды. Жаңа Қазақстан. Екінші республика. Бұдан былайғы өмірімізде өзгеріс болатынын әйгілейтін осы бір тұжырымдар әрбір қазақстандықтың жүрегінде сенім алауын тұтатып, көңіл көкжиегін кеңейтетіні анық....