Нар тұлғалы Нәсіпбай аға
Дана халқымыз қашанда адамгершіліктің үлгісін шынайы сыйластықпен, бауырмалдықпен көрсете білген. Бір анадан туғанын ғана бауырым демей, кісінің адамгершілігіне, бойындағы асыл қасиеттеріне қарап, пейілі түскенін «өкіл аға» «өкіл іні» етіп, сыйластықтың шеңберін кеңейткен. Өкіл ретінде таңдалған кісінің бойында рухани мәдениеттілік, табиғи шынайылық, ер мінезді жомарттық, өткір тілді әділдік қасиеттері болған.
Әдетте, өкіл ретінде өз балаларын аяғына нық тұрғызып, жақсы тәрбие берген, көпшілікте айтары бар қадірлі жандар таңдалған. Деседе, қазақта «өкілдің жолы ауыр» деген сөз бар, оның мағынасы ауыртпалықта емес, басыңа қуаныш, қайғы келгенде туған бауырындай, жанашыр әкесіндей қамқорлық таныту керектігін сипаттайды. Және де «Өкіл» деген сөзге жеңіл қарауға болмайтынын, оның мейірімділіке толы тұстары көп болуы қажеттігін ескертеді. Бұл адамдар арасындағы шынайы ауызбіршілікті, сыйластықты дамыту мен жалғастырудың бірден бір жолы екені анық.
Әдетте, өкіл ретінде өз балаларын аяғына нық тұрғызып, жақсы тәрбие берген, көпшілікте айтары бар қадірлі жандар таңдалған. Деседе, қазақта «өкілдің жолы ауыр» деген сөз бар, оның мағынасы ауыртпалықта емес, басыңа қуаныш, қайғы келгенде туған бауырындай, жанашыр әкесіндей қамқорлық таныту керектігін сипаттайды. Және де «Өкіл» деген сөзге жеңіл қарауға болмайтынын, оның мейірімділіке толы тұстары көп болуы қажеттігін ескертеді. Бұл адамдар арасындағы шынайы ауызбіршілікті, сыйластықты дамыту мен жалғастырудың бірден бір жолы екені анық.
Алланың қалауымен мына керемет өмірде маған осындай өкіл ағаның қамқорлығын сезіну бұйырыпты. Ол жаны жомарт, жүрегі мейірімге толы, асқар тау әке, немерелеріне сүйікті ата, өзіме рулас, нар тұлғалы ағам – Нәсіпбай Көпенов. Ол – №1 Арғымақ базасында темір тұлпарды тақымдаған ұжымының бас инженері қызметін атқара жүріп, аудандық мәслихат депутаты қызметіне сайланып, туған өңірдің түлеуіне өз үлесін қосқан ел ағасы. Өз саласының білікті маманы Н.Көпеновтың елге елеулі қызметтерін аудан халқы жақсы біледі. Қажырлы еңбектің арқасында абырой тұғырына көтерілген Н.Көпеновтың «Ы.Жақаевқа – 120», «ҚР тәуелсіздігіне – 25 жыл», «Қызылорда облысының автотранспортына – 80 жыл», «Құрметті автокөлікші» медальдары, Призидент Қ.Тоқаевтың «Алғыс хаты», қоғамға қосқан айрықша еңбегі үшін «ҚР Құрметті азаматы» республикалық байқауының төсбелгісі бар. Көпшілік алғысына бөленіп жүрсе де төл қазақы мінезіне салып, ерен істерін ешқашан мақтан етпеген. Сөз ұлағатын ұға білген ағамның ұстамды мінезі мен тегеурінді ойына әрдайым тәнті боламын.Үлкеннің үлгісімен жетілетін өзінен кейінгі буынға жол көрсетіп, жөн сілтеуде зердеге қонар сөздерін, ізгі істерін аяған кезі болмаған.
Жапырағын кеңге жайған әулетінің бетке тұтар азаматы Нәсіпбай ағаның шын жанашырлығы мен тілектестігіне куә болған кездерім аз емес. Ұмытылмас жақсылықтары, жан жомарттығының куәсіндей сабырлы қалпы мен дара болмысына қарап менің осындай ағам барын мақтана айтқым келеді. Елге қайырымды, отбасына мейірімді асыл ағаның өмір жолына тоқталып, жақсы істерін атап айтудағы мақсатым – тоқтаусыз құбылып, құндылықтар сәт сайын өзгеріп тұрған мынадай заманда еңбегімен шынайы адами қасиеттері арқылы құрметке бөленген азаматтан жас ұрпақ өкілдері өнеге алса деген ниет және жүрек түкпіріндегі жылы сөзім мен қарындастық құрметімді білдіру.
Нәсіпбай аға 2022 жылдың қыркүйек айында Пайғамбар жасына толып, зейнеттік демалысына шығып, Астана қаласына қоныс аударды. Дәрігер ретінде ағамның мәуелі бәйтеректей болып отырған қария ата-анасына, отбасына, бауырларына алғысымды айтып, мықты денсаулық пен ұзақ өмір тілеймін. Өмірдің қанша ауыртпалығын қара нардай көтеріп келе жатқан ағам мен әйел жанына тән сыйластықтың иесі Лариса жеңгемнің салиқалы ұрпақтары көп болсын.
Гүлвира Әбуова