Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өкіл имам өңірде

Өкіл имам өңірде



Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы болып бекітілген Болатбек
Абуов өткен жұмада ауданымызда болып, діни ахуалмен танысты. Ауданға алғаш қадам басқан өкіл имам бірінші кезекте аудан әкімі Әшім Оразбекұлының қабылдауында болды. Аудан әкімі Болатбек Ұласқанұлының қызмет барысы туралы хабардар екенін жеткізді. Сонымен қатар, аудандық діни ахуалдың жай-күйі туралы әңгімелеп, атқарылып жатқан жұмыстарды да тілге тиек етті. Өзгереміз деп өзге ағымның жетегіне ерген азаматтар біздің ауданымызда да бар екенін өкінішпен айтып, тиісті жұмыстардың жүргізілуінің арқасында дәстүрлі емес діни бағытты ұстанатындар саны азайғандығын айтты. Сондай-ақ, есігінде қара құлыпы бар мешіттердің де бар екендігін жасырмады. Мұнан соң, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамының жұмысына сәттілік тілеп, сенім артты. Және аудан әкімдігі тарапынан діннің өріс алуына мүмкіндігінше қолдау көрсетіліп жатқандығы және алдағы уақытта бірлесе атқаратын ізгі істері турасында сөз қозғалды.
Мұнан соң өкіл имамдармен және жамағатпен жүздесіп, жұма намазына қатысты.
Е.ДАТКЕНОВ.
10 сәуір 2018 ж. 1 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930