Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданның діни ахуалымен танысты

Ауданның діни ахуалымен танысты


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы болып бекітілген Болатбек Абуов өткен жұмада ауданымызда болып, діни ахуалмен танысты.

Ауданымызға алғаш қадам басқан өкіл имам бірінші кезекте аудан әкімі Әшім Оразбекұлының қабылдауында болды. Аудан әкімі Болатбек Ұласқанұлының қызмет барысы туралы хабардар екенін жеткізді. Сонымен қатар,  аудандық діни ахуалдың жай күйі туралы әңгімелеп, атқарылып жатқан жұмыстарды да тілге тиек етті. Өзгереміз деп өзге ағымның жетегіне ерген азаматтар біздің ауданымызда да бар екенін өкінішпен айтып, тиісті жұмыстардың жүргізілуінің арқасында дәстүрлі емес діни бағытты ұстанатындар саны азайғандығын айтты. Сондай-ақ, есігінде қара құлыпы бар мешіттердің де бар екендігін жасырмады. Мұнан соң, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамының жұмысына сәттілік тілеп, сенім артты. Және аудан әкімдігі тарапынан діннің өріс алуына мүмкіндігінше қолдау көрсетіліп жатқандығы және алдағы уақытта бірлесе атқаратын ізгі істері турасында сөз қозғалды.
Мұнанан соң өкіл имамдармен және жамағатпен жүздесіп, жұма намазына қатысты.
Е.Даткенов.
Сурет автордікі.
09 сәуір 2018 ж. 1 219 0