Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ИМАМ ЖҰМЫСЫНА КІРІСТІ

ЖАҢА ИМАМ ЖҰМЫСЫНА КІРІСТІ



Жуырда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Болатбек Ұласқанұлы Əбуов ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі және «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.2011 жылдан бері Қызылорда облысы бойынша өкілі және «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы қызметін абыроймен атқарған жерлесіміз, Шиелі ауданының тумасы Талғат Омаров көптеген игі бастамалардың бас­тамашысы болды. Ендігі жерде оның игі бастамасын Болатбек Ұласқанұлы жалғастыратын болады.
Бұл туралы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы: «Болатбек Ұласқанұлы – білімді һәм білікті азамат. Қызмет жолын өзінің туған топырағында азаншы, ұстаз болып бастады. Кейіннен ұстаздық жолда талай діни қызметкерлерді дайындауға атсалысты. Көптеген жауапты қызметтерде болды. Ғылым жолындағы, діни қызмет саласындағы мол тәжірибесі мен іскерлігін көненің көзі болған осы бір қасиетті Қызылорда елінің
руханиятын әрі қарай жетілдіруге жұмсайды деп сенемін. Еліміздің бірлігі мен ынтымағы, діни тұрақтылығы мен рухани жаңғыруы жолында атқарар қызметіне сәттілік тілеймін», – деді.
Тағайындалған жаңа имам 2003-2008 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін аударма ісі мамандығы бойынша үздік бітірген. Ал, 2008-2010 жылдары аталмыш білім ордасының магистратурасын Араб филологиясы мамандығы
бойынша тәмамдаған. 2011-2013 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған. 2013 жылы Республикалық имамдар білімін жетілдіру институтында білім алса, 2012-2015 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Шетел филология­сы мамандығы бойынша Докторантурасын бітіріп, білімін шыңдаған.
Ол білімін тәжірибемен жалғастырып, қызметін 1999-2002 жылдары Байқоңыр қаласындағы «Жәрімбет ишан» мешітінде азаншы, ұстаз, наиб имам болып бастады. 2005-2008 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Студенттер кеңесінің мүшесі, төраға орынбасары, 2008-2010 жылдары университет ректорының референт-аудармашысы, 2009-2012 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқытушы, 2010-2014 жылдары университет ректорының әкімшілік және халықаралық істері жөніндегі көмекшісі, 2014 жылдан бері Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Аппарат жетекшісі, бас хатшы қызметтерін атқарды.
«Өскен өңір» ақпарат.
13 наурыз 2018 ж. 1 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031