Шиелілік жалғыз басты ана үйлі болды
Жақсылықтың жаршысы болу ғанибет емес пе?! Жақсылықта жарысу – иманның беріктігін білдіретін көркем мінездің деталі. 3 жылдық тарихы бар қордың бүгінгі ісі жарасымдылық пен қарапайымдылыққа толы үлкен істің, адамгершіліктің мінберіндегі жоғарғы қасиет. «Адамның күні адаммен» дегенді ұстанған шынайы жанашырлардың ісі жалғасын таба бермек.
«Харекет» қоры 2017 жылдың қыркүйек айында ресми тіркелген қайырымдылық қор. Қорды құрушылардың бірі Гүлмира Мұқанқызы фейсбук әлеуметтік желісінде бір жазбаны көзі шалады. Жазбада «Менің 3000 досым бар екен. Барлығымыз 1000 теңгеден жинап, «черный касса» ойнасақ қалай болады?» делінген. Осы жазба Гүлмира Мұқанқызына ой салады. Міне, осылай фейсбук желісіндегі жазба үлкен жақсылықтың себепкеріне айналған-ды.

«Харекет» қорында бүгінде республика бойынша әр облыста ресми өкіл жұмыс жасайды. Бірі әлеуметтік желіге жауап берсе, бірі байланысқа жауап береді. Кейбірі үй іздеу, сырқаттанған жандарға көмектесу, дәрі-дәрмек пен азық-түлік және кіріс-шығыс есебі бойынша айналысады. Сондай еріктінің бірі жерлесіміз Азамат Каренеев. Ол республика бойынша Қызылорда обылысына жауапты ресми өкіл. Азамат сияқты әр облысқа жауапты ерікті ресми өкілі бар. Осылай «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып қайырымдылық қорының жұмысын атқарады. Таңқалдыратыны қордағы қызметкеркелердің барлығы дерлік еріктілер. Қордан пайда көрейін деген адам жоқ мұнда. Тек «жесірді қаңғыртпай, жетімді жылатпай» басынан сипап, көңілін аулап, мұқтаждығының орнын толтыруға асығатын жанашыр жандардың риясыз пейілі бар. Садақамды берем, ақшалай не басқалай көмектесем дегенге шектеу жоқ. Бастысы ниет.
Көппен көрген ұлы той демекші, қордың ұйымдастыруымен «1000 теңгеге – баспана» атты акциясының басталғанына да көп болмады. Аз уақыттың ішінде, яғни 3 жылда «Харакет» қоры жүрегі мейірімге толы жандардың қолдауымен 400-ден астам отбасыға үй сыйлап, 2000-ға жуық бүлдіршінге қуаныш сайлады. 400-ден астам баспаналы болған отбасының ішінде шиелілік жерлесіміз де бар. Шынайы қуаныштан жасы төгілген, қайырымдылық қордың және көпшілік қолдауының арқасында баспаналы болған жерлесіміз, алты баланың асыраушысы, жалғыз басты ана Нәзира Малдыбаеваға кезекті 328-ші үйдің кілті табысталған болатын.
Ақбота Баянбай