Қайырымдылық – имандылықтың нышаны
Қай қоғамда болсын мәнін де, өзектілігін де жоймайтын бір құндылық бар екені рас. Ол – қайырымдылық. Адамдардың бір-біріне қайырымдылығы немесе жекелеген ұжымдардың кейбір жандарға қолұшын созып, жасайтын қайырымдылығы, тіпті оған қатысы жоқ адамның да көңіліне жылу сыйлайды. Неге десеңіз, ондай жағымды жаңалықтың, игі істің жақсы шарапаты болады. Қайырымдылық жасау үшін бай болуы міндет емес, жүректе мейірім болса, жетіп жатыр. Қарсы алдынан мұқтаж жан шықса, шын мейірімді жан қалтасындағы соңғы тиынын беріп кете салады.
«Қуанышты бөліссең көбейеді» дегендей, мұндай іс адамдарды қашан да қайырымдылық жасауға итермелеп тұрады. Осындай игі істің бірі жуырда кенттегі №2 «Балбөбек» бөбекжайында көрініс тапты. Атап айтқанда, Күләйша Көпешова меңгерушілік жасайтын осынау ұжымның қызметкерлері айлардың сұлтаны рамазанда игі іс жасауды ұйғарыпты. Бөбекжайда ауызашар беріліп, бірқатар отбасыларға азық-түлік пен киімдер берілді. Аталған ұжымнан қайырымдылық көрген жандардың қатарында бөбекжайдың бірқатар қызметкерлері, тәрбиеленушілері мен «Бәйтерек» мөлтек ауданының көп балалы жалғыз басты ана да болды.
Қайырымдылық жасау – имандылықтың нышаны десек, оның шартының өзі адал және әділ болуға, әлсізге, жоқ-жітікке, кемтарға қайырымдылық ету, ұрлық, қиянат сияқты кеселді қылықтарға жол бермеу болып саналады. Хадис шәріптердің бірінде пайғамбарамыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Жердегілерге рақымдылық жасаңдар! Сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды», – деген болатын. Ал, халық даналығы «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» немесе «Біреу, біреуге сүйеу» деп ақыл береді.
Міне, адамға адамның қадірі осындайда білінеді. Нарық заманы орнады, адамдардың адамгершілік қасиеті төмендеді, азайып барады деп жиі айтып жүрсек те, осындай нар жігіттердің тірліктері көкейге үміт ұялатады. Қайырымдылықтың ірі-ұсақ болып бөлінбейтінін көрсетеді. Бай бол, кедей бол – қайырымды болу міндетің деген ойға жетелейді. Ал қайырымдылық жасау қашан да ғанибет!
Әбіл АСАН.