Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОМАРТТЫҚТЫ ЖАНЫ СҮЙЕДІ

ЖОМАРТТЫҚТЫ ЖАНЫ СҮЙЕДІ


Газетіміздің әр нөміріне «Жомарт жүрек» айдарымен үнемі қайырымдылық шараларына белсене атсалысып жүрген аудандағы ірі кәсіп иелерін жариялап келеміз. Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыруға, айналамыздағы жомарт жандардың ісін өзгелерге үлгі етуге бағытталған.
Мақала даярлау барысында өңірі­міздегі тек қалталы азаматтар ғана емес, мұқтаж жандарға қолұшын созуды азаматтық борышы санайтын қарапайым қызметкерлер де аз емес екеніне көз жеткіздік. Солардың бірі – жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инс­пекторы, полиция мойоры Наржан Битасов. Ол жанында жүрген жолдастарымен бірге бірнеше жылдан бері кент ішінде тұратын жағдайы төмен отбасыларға жылына екі рет қажетті заттарын жеткізіп келген.
Ал, биыл мереке қарсаңында өзі жұмыс жасайтын Ақмая ауылындағы жағдайы төмен 7 отбасыға азық-түлік алып берді. Жалақысын жанұясының қажеттілігінен артылдырып, басқаларға қуаныш сыйлап жүрген осындай жандар қашанда өзгелерге үлгі болмақ.
– Жалпы, қолыңнан келсе тарық­қанға таяныш болып, ауыртпалығын сәл де болса жеңiлдеткеннен абзал не бар? Алла тағаланың өзi берген несiбесiн өз пендесiне берудiң өзi сауап. Жасында өзгенiң қамқорлығын көрген бала өскен соң өзi де өзгенi жарылқауға ниеттi болып тұрады. Бұл өмiрде адамдардың бiр-бiрiне деген мейiрiм-шапағатынан асқан құндылық жоқ, – дейдi Наржан Битасов.
Әңгіме барысында ер жетіп келе жатқан 3 баласын да мейірімді болуға, шамалары келгенше жақсылық жасауға баулитынын айтып қалды. Әдетте қатаңдық пен салқынқандылықты талап ететiн полиция қызметiнде жүріп, осындай қайырымдылық шараларының басы-қасында жүрген Наржанның ісі көңіл қуантады.
Гүлхан ЯХИЯ.
26 желтоқсан 2017 ж. 1 240 0