Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰРЫЛЫС ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?

ҚҰРЫЛЫС ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?

Ауданда биылғы жылға жоспарланған бірнеше инфрақұрылымдық жоба сәтті жүзеге асып келеді. Бұл жобалар – халыққа қолайлы жағдай жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруді көздейді. 10 айдың қорытындысы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында бірқатар маңызды әлеуметтік нысан бой көтеріп, толықтай пайдалануға берілді. Бұл туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұршат Бағдатұлы хабарлады. Кентте спорт кешені салынды Аудан орталығында салынған жаңа спорт кешені тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік бермек. Жобаның жалпы құны – 363,2 млн теңге. Құрылыс жұмыстары үшін бас мердігер – «Алтын Айдарлы» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Жобаны «Гранд Тауэр Сервис» ЖШС авторлық, ал «МунайГаз Инжиниринг» ЖШС техникалық жағынан қадағалады. Құрылыс 100% аяқталып, нысан халық игілігіне берілді. Бестам ауылында 150 орындық клуб пайдалануға берілмек Сонымен қатар Бестам ауылында 150 орындық жаңа клуб салынды. Бұл жоба да «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асып, ауыл тұрғындарының мәдени өміріне серпін беретін маңызды нысанға айналмақ. Құрылыс жұмыстарының жобалық құны – 460,6 млн теңге. Бас мердігер ретінде «СК Дәнекер» ЖШС жұмыс атқарса, авторлық бақылаушы – «ПроектСервис» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «ARTERIA» ЖШС болды. Жоба 439,8 млн теңгеге орындалып, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Бұл нысандардың іске қосылуы ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға серпін беріп, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға зор үлес қосады. Мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Инфрақұрылымдық жұмыстар жүйелі жүргізілуде Жалпы ауданда тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында бірнеше маңызды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Ауданның шығыс аймақтары мен Ақорда аумағында жүргізілген құрылыс жұмыстары тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесіндегі №19 мекенжайға автотұрақ салынды. «Милениум Строй» ЖШС атқарған құрылыс 67,8 млн теңгеге бағаланды. Белгіленген мерзімнен кешіккені үшін мердігерден 1,5 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді. Қазіргі таңда бұл нысан да ел игілігіне берілді. Бұдан бөлек, Шиелі кентінің шығыс аймақтарына инфрақұрылым жүргізу жұмыстарының 1-кезеңі басталды. Атап айтқанда, жол белгілеу жұмыстары «Шиелі Жолшы» ЖШС тарапынан жүзеге асырылуда. Жалпы жоба құны 312,5 млн теңге болса, 2025 жылға 124,8 млн теңге қаралған. Қараша айының өзінде 40 млн теңге игерілді. Сонымен қатар Ақорда ауданындағы тұрғын үйлердің инфрақұрылымына қатысты сметалық құжаттамаға түзету енгізіліп, құрылыс жұмыстары басталды. Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде бас мердігер ретінде «Нур-Талап и К» ЖШС таңдалды. Жобаның авторлық қадағалаушысы – «Нур Жол Проект» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «BSP CONSULTING» ЖШС. Жалпы құны 48,5 млн теңге болатын жоба толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Сумен қамту – бірінші кезекте Шиелі кентінің шығыс аймақтарына инфрақұрылым тарту жұмыстарының бірінші кезеңі – сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету. Аталған жоба 2025 жылдың ақпан айында басталып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары толық аяқталды. Бас мердігер – «Ансар-сервис» ЖШС. Жобаның авторлық қадағалаушысы – «ВИБОстрой» ЖШС, ал техникалық қадағалаушы – «Flatiron Building» ЖШС. Жалпы жоба құны 210,0 млн теңге болса, аудандық бюджеттен 17,2 млн теңге бөлініп, толығымен игерілді. Тұрақты даму – басты мақсат Аталған жобалар ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіріп, тұрғындардың қажеттіліктерін өтеуге бағытталған. Аудан әкімдігі мен мердігер ұйымдардың тығыз қарым-қатынасы, қадағалау құрылымдарының бақылауы арқасында жұмыстар сапалы әрі уақытында атқарылып отыр. Шиелі өңірі алдағы уақытта да осындай игі істермен жаңғырып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру жолында табысты қадамдар жасауда. Маңызды нысандар күрделі жөндеуден өтуде Мемлекеттік кірістер департаментінің Шиелі аудандық басқармасының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «АК-ЮГ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС-мен жасалған келісімшарт аясында 18,6 миллион теңге игеріліп, құрылыс толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Сондай-ақ Шиелі кенті, Абай көшесі №28 үйде орналасқан спорт кешеніне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылдың сәуір айында мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталып, бас мердігер ретінде «СК ЛИРА» ЖШС-мен келісімшарт жасалған. Жобаның авторлық қадағалаушысы – «Проектная группа «НЕО»» ЖШС, техникалық бақылаушы – «Atlant Engineering» ЖШС. Жалпы жобаның құны 249,9 млн теңге. Аудандық бюджеттен 50 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде. 22-бекет газбен қамтылды Сонымен қатар өткен жылы тамыз айында Шиелі ауданына қарасты 22-бекет елді мекенінде орамішілік газ тарату желілерін салу жұмыстары басталған болатын. Бас мердігер – «Дос Строй Проект» ЖШС, келісімшарт 10.08.2024 жылы бекітілген. Жобаның авторлық қадағалаушысы – «AES and Limited» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «СтандартСтройСервис LTD» ЖШС. Жалпы құны 34,4 млн теңге болатын құрылысқа 2024 жылы аудандық бюджеттен 30 млн теңге, ал 2025 жылы 4,4 млн теңге бөлініп, наурыз айында барлық жұмыстар толығымен аяқталып, нысан пайдалануға берілді. 69 заңсыз кәсіпкерлік нысан анықталды 2025 жылғы 23 қыркүйекте Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына Шиелі ауданы аумағында жүргізілген мониторинг нәтижесінде заңсыз салынған 69 кәсіпкерлік нысан туралы ақпарат жолданды. Анықталған бұл нысандардың ешбірі құрылысмонтаж жұмыстарына рұқсат құжаттарынсыз салынғаны белгілі болды. Бұл — «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заң талаптарына қайшы. Аталған заңсыз құрылыстар бойынша тиісті шаралар қабылдау мақсатында басқарма тарапынан тексерулер жүргізіліп, нысан иелеріне әкімшілік жауапкершілікке тарту, құжаттарды заңдастыру, жою немесе қайта жобалау сияқты талаптар қойылатын болады. Мұндай жұмыстар тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында құрылыс саласындағы құқықтық мәдениетті арттыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бақылау шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Г.ЯХИЯ
19 қараша 2025 ж. 31 0

Қоғам

СПИД – ДАУАСЫЗ ДЕРТ
19 қараша 2025 ж. 25

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9355)

18 қараша 2025 ж.

№87 (9354)

17 қараша 2025 ж.

№86 (9353)

11 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930