Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН КӨРДІ

АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН КӨРДІ

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі ауданында жүзеге асып жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Алдымен аудан басшысы Шиелі кентінде бой көтеріп жатқан жаңа Спорт кешені құрылысының алаңына барды. Нысанның бас мердігері – “Алтын айдарлы” ЖШС. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл кешен пайдалануға берілген соң аудан халқының бұқаралық спортпен айналысуына, балалардың салауатты өмір салтын ұстанып, түрлі спорт түріне машықтануына мол мүмкіндік туады. Сонымен қатар, бұл нысан ауданымызда спорт саласының дамуына серпін беретіні сөзсіз.
Келесі кезекте аудан әкімі Бестам ауылындағы 150 орындық жаңа мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Бас мердігер – “Данекер құрылыс компаниясы” ЖШС. Қазіргі таңда құрылыс жоспарға сәйкес жүргізілуде. Нысан толық пайдалануға берілгеннен кейін ауыл тұрғындарына арналған мәдени іс-шаралар өткізуге жағдай жасалып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өнерге баулуға мүмкіндік артады.
Аралау барысында аудан әкімінің орынбасары, құрылыс және мәдениет саласының жауапты мамандары, сондай-ақ мердігер компания өкілдері бірге болды.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков құрылыс сапасы мен белгіленген мерзімнің сақталуын басты назарда ұстау қажеттігін ескертіп, жұмысты уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
12 қыркүйек 2025 ж. 31 0