Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбекшідегі елеулі шара

Еңбекшідегі елеулі шара

«Қайырымдылық жасау – бабалар өсиеті, адамның жеке қасиеті» –дей­ді. Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, жүректерінен жылулық сезімін күтетін жандар бар арамызда. Жан жылуын қажет ететін жандарға жылу сыйлап, оларға қамқорлық жасау – әрбіріміздің адамдық борышымыз.
Өзінің қалтасының қампайғанын қаламай, көмекке зәру жандардың да жағдайымен танысып, қолындағы барымен бөлісуге даяр тұратын жүректері ізгіліктен нәр алатын азаматтар ортамызда жүр.
Дөңгеленген дүниеде жүректері жадау тартқан адамдардың өмірлерін бір сәт болса да сергітуге тырысқан оқиға жаңа жыл қарсаңында да Еңбекші ауылында орын алды. Сөзімізді нақтылар болсақ, мереке алдында «Еңбек-2014» мекемесі аталған ауылда аз қамтылған 10 отбасыға азық-түлік беріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Өзін ғана ойламай, өзгені де ойлаған», жалпы жұрттың қамын жеп жүрген азаматтардың осындай игі істеріне қалайша сүйсінбессің? Алақанына түскенін құлқынына қылғытпай, өзгелермен қылдай бөлісу нағыз азаматтықтың үлгісі, мұсылмандықтың мызғымас іргетасы.
Сонымен қатар, Еңбекшіде орын алып отырған оңды істер қатарында жуырда жеделдетілген интернет жүйесінің орнатылуы. Ауыл тұрғындарының енді интернетті еш кедергісіз қолдануына мүмкіндік туды. Қуанған халықтың қарасы қалың.
Осындай толымды тірліктердің басы-қасында жүрген ауыл әкімі Б. Омаровтың да еңбегін айтпасқа болмас. Елдің мүддесіне жұмыс жасап жүрген осындай ерлердің әр ісіне берекет пен сәттілік тілейік ендеше.

Д.ӘБІЛАСАН.
04 қаңтар 2018 ж. 1 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930