Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сауатты – сауапты іс

Сауатты – сауапты іс


Қай қоғамда болсын мәнін де, өзектілігін де жоймайтын бір құндылық бар екені рас. Ол – қайырымдылық. Адамдардың бір-біріне қайырымдылығы немесе жекелеген ұжымдардың кейбір жандарға қол ұшын созып, жасайтын қайырымдылығы, тіпті, оған қатысы жоқ адамның да көңіліне жылу сыйлайды. Неге десеңіз, ондай жағымды жаңалықтың, игі істің жақсы шарапаты болады. Қайырымдылық жасау үшін бай болуы міндет емес, жүректе мейірім болса, жетіп жатыр. Қарсы алдынан мұқтаж жан шықса, шын мейірімді жан қалтасындағы соңғы тиынын беріп кете салады.
«Қуанышты бөліссең көбейеді» дегендей, мұндай іс адамдарды қашанда қайырымдылық жасауға итермелеп тұрады. Осындай қайырымды істің бірі жуырда аудандағы әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көмек көрсету шарасында көрініс тапты. «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әшім Оразбекұлының қолдауымен өткізілді. Қайырымдылық шарасына аудандық мәслихат депутаттары, аудан кәсіпкерлері, мекеме басшылары бірлесіп, бірқатар осы санаттағыларға көмек көрсетті.
Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. «Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес» – дейді халық даналығы. Қазақ халқында бақуатты, халқын сүйер азаматтар қай уақытта да өз қолынан келер көмегін жақынынан, елінен аямаған. Бұндай азаматтарды халық «атымтай жомарт» деп, үлгі тұтқан.
Міне, адамға адамның қадірі осындайда білінеді. Нарық заманы орнады, адамдардың адамгершілік қасиеті төмендеді, азайып барады деп жиі айтып жүрсек те, осындай тірліктер көкейге үміт ұялатады. Қайырымдылықтың ірі-ұсақ болып бөлінбейтінін көрсетеді. Бай бол, кедей бол – қайырымды болу міндетің деген ойға жетелейді. Ал қайырымдылық жасау қашан да ғанибет.

Ж.Ноғайбайқызы.
25 желтоқсан 2018 ж. 2 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930