Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің

Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің


Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болудың қажеті шамалы, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйлауы мүмкін, ал, біреулер қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Міне, сондай игі істі аудандық ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Аудандық пробация қызметі бөлімі мен «Береке-Жастар» қоғамдық бірлестігінің, Шиелі «Қайырымды жандар» еріктілер тобының төрағасы Ақтөре Шүлебаевтың қолдауымен аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған тұрмысы төмен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыға азық-түлік өнімдерімен қолдау көрсетіп, қайырылымдылық шарасын өткізді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын көрерсің» дегендей, қайырлы істің ұршығын иірген жерлестеріміз нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсете білді. Халқымыздың қанына сіңген игі қасиетіміздің сауабы мол болғай.

А.МОЛДАХМЕТҚЫЗЫ.
20 қараша 2018 ж. 9 632 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930