Қайырымдылық – қарапайымдылықтың үлгісі
Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауында «Әр қазақстандық отбасының әл-ауқатын жақсартуға, қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған» іс-шаралар міндеттеледі. Сондай талаптан туған игі бастаманың бірі – аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек қолын созу.Қашаннан да қайырымды істің сауабы мол болатыны белгілі. Айналасына әрбір жақсылық жасаған адамның бойына ерекше бір қуаныш сезім билеп, одан сайын ілгері істерге ұмтыла түсетіні айдан анық. Осы орайда, Астана қаласының 20 жылдығы, Шиелі ауданының 90 жылдығы қарсаңында, аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен тұрмысы төмен және көпбалалы 6 отбасыға азық-түлік заттары беріліп, көмек көрсетілді. «Отан отбасынан басталады» – демекші, ол – қоғамды құрушы, ұрпақты жалғастырушы, дәстүрді сақтаушысы, өнегелікті нығайтушы алтын ұя болып табылады. Сондықтан болар, адамдардың жүрегінде мейірбандық танытып, ізгілік қасиеттерді арттырып, бірлігін одан әрі мығымдай түскендей.
Адамдардың бір-біріне қайырымдылық жасап, қолұшын созып, танымайтын адамның көңіліне жылу сыйлау үлкен бақыт. Неге десеңіз, ондай жағымды жаңалықтың, игі істің қашанда шарапаты болады. «Қуанышты бөліссең көбейеді» дегендей, мұндай шаралар мейірімділік танытып, қайырымдылық жасауға итермелеп тұрады. Бұл ұлы істердің бастауынан алған қарапайым көрінісі ғана. Бізбен сіз рақымшыл болып, көпке үлгі ретінде қайырымдылық шарасының басы-қасынан табыла білейік.
Жұлдызай Қауғанбаева.