Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік үлестірілді

Қызылорда: Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік үлестірілді


Наурыз - дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың, қамқорлық пен мейірімділіктің мерекесі болып келген. Бір дастарқан басында барша тума-туыс жиналып, наурыз көжеден дәм татып, бір-біріне қуаныш сыйлау арқылы туыстық қатынасты күшейту - мерекенің басты мақсаты.

Алайда, мерекелік дастарқан жайып, қонақ күтпек тұрмақ, күнделікті ішер асын жеткізе алмай жүрген мұқтаж отбасылар қаншама.
Осыған орай, наурыз мерекесі қарсаныңда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлының тапсырмасымен, облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Қайырымдылық шарасында көмек алғандар мереке қарсаныңда әлеуметтік жағдайларын ескеріп, көмек көрсеткендері үшін өкіл имамға алғыстарын білдірді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
25 наурыз 2018 ж. 2 082 0