Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жақсылықтың бағасы

Жақсылықтың бағасы

«Думан-Шиелі» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызметкерлердің ұйымдастыруымен ерекше қажеттіліктері бар мұқтаж балаларға арнап қайырымдылық шарасы өтті. Ондағы мақсат – балалардың өзін-өзі бағалауы және өмір сапасын жақсарту болды.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дегендей, әлеуметтік мұқтаж балаларға Қызылорда облыстық «Ана сезімі» қорының өкілі Алма Тайлақбаева, коммунистік партия басшысы Талғат Төлеуов және республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қорынан Ұлжан Миатқызы, облыстық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының өкілі, ауданымызға еңбегі сіңген ардагер Күлсім Нұрымбетова, аудандық кәсіпкерлер Гауһар Сүйінтаева, Тамара Сарсенова сынды абзал азаматтар үлкен сый-сияпат жасады. Сонымен қатар, облыстық еріктілер қоғамынан Ольга Чебакова балаларға айрықша ойыншықтар сыйлап, керемет көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында осы орталықтың бірнеше қызметкерлері Құрмет грамота, Алғыс хатпен және «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бар жақсылық балаларға деген атымтай жомарт жандардың жақсылығына халық та ыстық ықыласын білдіріп, алғыс жаудырды.
Маржан СӘДУАҚАСОВА,
штаттан тыс тілші.
12 маусым 2018 ж. 2 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031