«Атамекенiм» акциясы жүріп жатыр
Шара әлеуметтік жауапкершілік мәселелерінде бизнес бастамаларына қолдау көрсетуді көздейді. Осы ретте қызылордалық тігін фабрикасы 200-дей балғынға су жаңа жейде сыйлады. Жергілікті өнім мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына үлестіріледі. Көйлектер ұл және қыз балаларға арнайы өлшеммен лайықтап тігілген. 30 шақты тігіншісі бар цех көйлек-көншектің 150 түрін өндіріп, 2 жылдан бері республика бойынша сатылымға шығарумен айналысады. Гүлмира Рамазанқызы, тігін фабрикасының өкілі: - Саудадан бөлек қайырымдылық шарасына қатысқанды жөн көрдік. Соның ішінде осы №144 мектепке арналған шарада көмек ретінде 185 балаға жейделерді әкеліп отырмыз. Біздің тігін фабрика мұқтаж жандарға әр кезде көмектесуге дайын.
24.kz
24.kz