Балық та қазақтың бір байлығы емес пе?
Бұрындары су жүретін арналардың біріне қармақ сала қалсаң, тынымсыз қауып, қанжығамыз майланып, көңіліміз жайланып қайтатын еді. Қазір балыққа арналған арнайы ұнтақтар, дәнді дақылдарын алсаң да қармақтың қабуы тым қиын. Бір кездері балығымен байлық саналған каналдардың бүгінде берекесі қашқан. Себебі балық аулаудың жабайы түрі пайда болды. Ол – тоқпен ұру. Бұлай жалғаса берсе, балықтың қарасын көруге зар болып қалар түріміз бар.
Иә, кейде айналаңдағы у-шудан, күнделікті жұмыстан шаршаған уақытта ауыл сыртындағы арналарға қармақ салып, демалғың келеді. Солай балыққа баруға қамданып, құрал саймандарыңды дайындап шығып кетесің. Алайда балыққа барып демалғаннан гөрі, шаршап қайтасың. Себебі қазір ауылдық жерлердегі арналарды күз бен көктем мезгілінде тоққа сенген қарақшыдай аңдыған жандардың қарасы көбейген. Барымташылардың бұл әрекетіне тосқауыл жасау мақсатында көктем және күз мезігілінде аудандық полиция бөлімінің мамандары тексеріс жұмыстарын жүргізіп отырады. Алайда тоқ салып, ауға сенген броконерлердің жұмысына әлі күнге дейін тоқтам болмай келеді. Мысалы, өткен жылы аудан көлемінде тоқпен балық аулау дерегі бойынша 1 қылмыс анықталған. Ал заңсыз балық аулау фактісі ретінде 17 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Биылғы жылдың 3 айлық қорытындысы бойынша қылмыс дерегі жоқ.

Бұл тек біздің ауданда ғана орын алып жатқан мәселе емес. Еліміздің әр өңірінде осындай қылмыстардың белең алып бара жатқаны жайлы жиі айтылып келеді. Осы мәселеге байланысты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында балық шаруашылығына ерекше мән беру қажет екенін атап өткен болатын.
Ал, Еңбекші ауылдық округінің тұрғыны Асылан Сұлтанұлы:
– Қазіргі таңда балық аулаудың жабайы үрдісі пайда болған. Бұл алаңдатарлық мәселе. Мен ауыл азаматтарын тоқпен балық аулаған броконерлерді ұстауға және әр ауылдың жастарын осындай жанашырлыққа шақыруға жұмыс істеудемін.
Себебі тоқпен балық аулауға тоқтау бола алмасақ, келешек ұрпақ балықтың түрін көрмей кетуі де бек мүмкін. Көктем мезгілінде балық уылдырық шашатын уақыт. Осы броконерлер тоқпен балық аулап, қаншама миллиондаған шабақты құртып жіберді. Біз дәл осы сәтте ел болып бірігіп жұмыс жасау керекпіз, – дейді.
Балықтың бал сорпасын татып көргендер өзен-көл жағалаудан әсте жалықпайды. Ал енді оны қаптап сатып, қаржысын қанағат тұтпай дәніккен жаман. Сырт елден келген арзан торын дарияға тастап, шағын көлшікте балық-шабақты тоқпен ұрып алатын қаскөйлердің бүгінде қарасы қалың. Шектеу болса да, әсіресе, уылдырық шашар уақытын аңдитындар азаймай тұр. «Байдың асын байғұс қызғаныпты» демесін, біздікі табиғат байлығының талан-таражға түсіп, обал-сауапсыз аң-құсқа жем болып жатқанын көзбен көрген соң айту парыз деп білеміз.
Табиғат байлығына қиянат жасаушы жандардың қатары көбейгенін көріп, бұл мәселеге жауапты мекеме басшылары баса назар аударып, белсенді түрде жұмыс жасаса демекпіз. Балықты бағалайтын болсақ, оларға жанашырлық таныта білсек, сонда ғана балық – таусылмайтын байлыққа айналары анық.
Дархан ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ