Балық азайып барады
– Балық бағалай білгенге байлық. Бұл күндері балық аулаудың жабайы түрі пайда болды. Ол тоқпен ұру. Не деген сұмдық? Бұлай жалғаса берсе балықтың қарасын көруге зар болып қалар түріміз бар.
– Иә, сол тоқпен балық ұстап жүрген броконерлерді ұстап алсам еш ойланбастан заңға тартқызар едім.
Бұл су басындағы екеудің әңгімесі. Жұмыс уақыты соңына таяған соң фотоаппаратымды арқалап дарияның жағалауына жиі барамын. Балықтың түр-түрін, су басындағы түнгі көріністі фото архивке сақтауды әдетке айналдырғаныма да біршама жыл өтті. Жаңағы екеудің әңгімесі ойландырып, ой салатын дүние-ақ екен. Алайда аяусыз балық біткенді қырып-жойып жүргендердің жүрегіне жете қояр ма?

Ықылым заманнан бері арнасынан адаспай ағып, жағалай қонған елге пана болған Сыр суының тағдыры қолдан жасалған тағылықтың салдарынан уақыт озған сайын күрделеніп барады. Тулаған балығы талай тағдырды ажалдан арашалап, аштық жайлаған мезетте талғажау етер тағамы болмады ма? Қызыл кітапқа енген қызыл балықты емес, дарияны толқындата жүзген лақа, сазан, шортандардың өзі қызыл кітаптан орын тауып қала ма деп үрейленетін күн туды. Әріден әңгіме қозғамағанның өзінде, кешегі Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығы кезіндегі қайта құру қоғамында халықтың дені осы Сыр суының балығын аулап, күн көрді. Бірақ заңсыз балық аулаушылардың айылы тиылар емес.
Бұл мәселе мінберлерде айтылып, газет бетінде де жазылып келеді. Дегенмен қатаң шара көрмесе балықтың саны сиреп барады. 21 бекеттің тұрғыны Әлияр Сейітов те осы мәселені ардагерлер кеңесіне жиі көтеріп, бекеттегі жастарды біріктіріп, броконерлерді ұстауға арнайы топ құрған. Ол «Ауыл ақсақалдары әр ауылдың жастарын осындай жанашырлыққа шақырып, балықты тоқпен ұрғандарды қолға түсірудің амалын қарастыруы қажет. Олай болмаса келешек ұрпақ балықтың түрін көрмеуі мүмкін. Өйткені балық уылдырық шашар уақытта да осы броконерлер тоқпен балық аулап, қаншама миллиондаған шабақты құртып жіберді. Бұл жәй бас шұлғи салатын дүние емес. Ел болып бірігіп амал қылмасақ, ауылдық жерлердегі жалғыз полиция қызметкері қайсыбір қылмыстың алдын алуға үлгере бермек» деп, өзге Жалағаш, Арал аудандарындағыдай халық болып күресуге шақырды.
Табиғат байлығына қиянат жасаушы қаскөйлердің қатары көбейген соң көпті көрген қариялар да шырылдап аталған мәселенің шешімін табуға шапқылап жүр. Сондықтан әр азамат табиғат байлығына жауапкершілікпен қараса, жүгенсіздіктің де жолы кесілер еді. Әрбір адам заңсыздықтың зардабы көп екенін ескере жүрсе, байлықтың көші балықты да сақтап қалатын боламыз.
Бақытжан Бәйімбет,
фототілші
фототілші