Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балқашта өткен ғасырдан бері азайып кеткен қарабалық саны көбейеді

Балқашта өткен ғасырдан бері азайып кеткен қарабалық саны көбейеді

Балқаш көлінде көп көшікпей қарабалық көбейеді. Халық арасында «балқаш маринкасы» деген атпен әйгілі балықтың бұл түрі өткен ғасырдың 80-жылдары көлден жоғалып кеткен. Қазір тек Тоқырауын өзенінде ғана бар. Бірақ ол тым ұсақ екен. Ал көлді мекендейтін қарабалық ірі келеді, тұқы тұқымдасына жатад әрі еті де майлы екен. Тіпті қиын-қыстау жылдары ата-бабаларымыз балықтың осы түрін кептіріп, пеш жаққан көрінеді. Қазір Балқаш қаласындағы балық шаруашылығы ғылыми институтының мамандары Қызыл кітапқа енген осынау су жәндігін қайтару жобасын қолға алды. Бұл ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Вячеслав Цой, Қазақстан балық шаруашылығы ҒЗИ Балқаш қалалық филиалының директоры: - Біз Тоқырауын өзенінен балықтың аналығын алып, оны қолдан ұрықтандыру арқылы қарабалықтың ірі тұқымын қайта жаңғыртсақ дейміз. Ол үшін Балқаш жанынан арнайы тоған жасап, сонда өсіріп, кейін көлге жібермек ойымыз бар. Қазір бұл жұмысты жүзеге асыру үшін қаржы көздерін іздеп жатырмыз.

24.kz
12 маусым 2018 ж. 1 654 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930