Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі

ХАНҚОЖА


Әлеуеті артқан өңіріміздің бүгінде туристерді қызықтыратын орындары да басымдыққа ие болуда. Табиғаты тамаша орындар бүгінде ауданның ғана емес өзге аймақ халқының да қызығушылығын оятуда. Сол орынның бірі де бірегейі Бәйгеқұм елді мекен аумағында орналасқан Ханқожа көлі.

Жадыраған жаз мезгілі нағыз демалатын уақыт. Күнделікті қым-қуыт тірліктен шаршаған жұрт бір сәт тыныштық іздеп, таза ауада тыныстағысы келеді. Шілденің шіліңгірінен пана тапқысы келетіндер өзендер мен көлдерді және жағалап кететіні бесенеден белгілі. Сол көлдің бірегейі жоғарыда аталған көл. Көлдің аумағы 5085 гектарды құраса, ұзындығы 20-25 шақырымнан асады. Орташа тереңдігі 7-8 метр болса, ең терең жері15 метрге жуық. 1950 жылдары бульдозер тракторлардың күшімен тоған тұрғызылып,  оған Ханқожа тоғаны деп ат берілген. Ханқожа көлінің суы 1978 жылы қосымша су құйылмағандықтан, деңгейі күрт төмендеп кетеді. Сол кездерде көлдің табаны қолымен қазылғандығы көрінеді. Ертеректе халық тоған ретінде су жинап, суын Бәйгеқұм, Жөлек, Талаптан, Тартоғай елді мекендерінің тұрғындары егін және мал шаруашылықтары мен бау-бақшаға пайдаланады. Көл суы жасанды суқойма қызметін атқарады. Көл суы бастапқы кезде ағынсыз, тынық су болған. Кейіннен Жөлек елді мекенінің жанынан қашыртқы(сброс) қазылып Нәнсай каналына қосылған. Қазір ағынды көл болып есептеледі. Су өте мөлдір, және тұнық. Бірақ, ішуге жарамсыз өйткені, су тұзды, кермек дәмі бар. Көлдің су деңгейі үнемі өзгеріп отырады. Көлге көктем және қыс айларында 10т/м³ - 15т/м³ және одан да көп мөлшерде су құйылады.
Ханқожа атауының түп - төркіні әріде жатыр. Ол Көгентүптің жалғыз қарындасының күйеуінің құрметіне қойылған ат деп жатады. Көгентүп ерте кезде халықты қан қақсатқан, қаныпезер қалмақ хонтайшысын арпа қылтығымен атып өлтіріп, елге азаттық алып берген батыр. Шиелі өзегі аудан шекарасының орта тұсында Балықшы, Иіркөл, Шошқа көлден өткен соң бұл өзек құм аралай иін жасап, Ақиірім, Көкиірім деп атала келіп, Жансейітті жанай өтіп, Ханқожа көліне келіп құлайды. Көлдің жағасында биік шөптекті өсімдіктер: қалың құрақ, топ –топ қоға мен қамыс өседі. Балықтың бірнеше түрі атап айтқанда, жыланбалық, сазан, шортан, лақа, қылышбалық, амур, алабұға, доңмаңдай, мөңке және андатр тіршілік етеді. Көктем айларында қасқалдақ және үйректер келіп көл айдынын құс базарға айналдырады.
Бүгінде аталған көлдің жағалауында жағажай туризмін дамыту қолға алынуда. Арнайы орындар ашылып, демалушыларға жағдай жасалған. Қазіргі таңда көл жағалауында туристік инфрақұлымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан жасалған 12 тұрғын үй жұмыс жасауда. Көлге 3 айдың ішінде 10000-нан аса Қазақстандық туристер келіп тыныққан.
24 қараша 2017 ж. 3 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031