Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бабын білсең – берекені балықтан табасың

Бабын білсең – берекені балықтан табасың

Иә, қасиет қонған Сыр өңірі жер қойнауы қазба байлықтарға, суы дәмді өзен-көл мен табиғи өнімдерге бай екені баршамызға мәлім. Бүгінгі ғылым мен технология дамыған заманда балық ұстау әдістері де ілгерілеп, арнайы кәсіпке айналды. Тіпті, облысымызда балықты уылдырықтан шығарып, қолдан жасалған көлдерде өсіру қолға алынған.
Балық шаруашылығын кәсібіне айналдырған жандарды біздің ауданымыздан да кездестіруге болады. Солардың бірі – Нар­тай Бекежанов ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Үміт Бөкенбаева. Жалпы, еңбекке ден қойған еңбексүйгіш отбасы 2000 жылы «Сүйіндік» шаруа қожалығын құрады. Күріш егеді, құс асыраумен де қоса айналысады. 2012 жылдың сәуір айында Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ауылшаруашылығы министрлігінің «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС «Балқаш» АӨК саласындағы білім тарату орталығында отбасымен бірге балық аулаумен кәсіби түрде айналысу үшін осы даярлық курсынан бірнеше мәрте өтеді. Сондағы білікті мұғалімдердің арқасында балық өсірудің қыр-сырын меңгереді.
Көргенін тәжірибемен ұштастырған ол 2007 жылы облыстық жергілікті резервтегі су айдындарының конкурсына қатысып, «Қарақұм», «Домалақ» көлдерін жеңіп алады. Шаруа қожалығы күріштіктердегі балықтарды аман алып қалу мақсатында көлдерге жіберіп, сақтап қалып отырады. Балық өсіруді осылай бастаған отбасы кәсібін бірте-бірте ұлғайта, дамыта береді.
Елбасымыздың «Тек балықты ұстауды ғана емес, өсіруді де қолға алу керек» деген сөзін басшылыққа алып, өзі өмір сүретін мекеннің табиғатын сақтауда жаңа технологияны пайдалана отырып, балық өсімін молайту үшін отбасының келіні Үміт Бөкенбаева тұқым балығын өсіру мақсатында бизнес жоба жасады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау орталығының арқасында 3 миллион қайтарымсыз несие алады. 2014 жылдың мамыр айынан бастап сол қаражатқа инкубациялық аппарат, вейс, тірі балық тасымалдайтын автокөлік, контейнерлер алып, Алматыдағы «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры мен орталықтың ғалымдарымен іс жүзінде тәжірибе алмасулары арқылы уылдырықтан шабақ шығару технологиясын іске асырды.
Ағымдағы жылы аталмыш «Сүйіндік» шаруа қожалығында 2 млн. 700 мың шабақ өсіріп, оның 700 мыңы аудандағы көлдерге жіберілсе, 15-20 мың шабақ басқа кәсіпкерлерге сатылып, қалғаны тоғанда өсірілуде.
Онымен қоса бүгінгі таңда Жөлек ауылының тұрғыны Иса Төлеуов осы кәсіпті қолға алды. Қазіргі уақытта ауласындағы қолдан жасалған көлде балық асырап, қаз-үйректерін баптап, өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. Өткен жылы шағын көлден 1 тоннаға жуық балық аулаған. Осы нәтижелерге қарап бұл саланың дамып келе жатқандығының көрінісі деуімізге болады.
Олардың бүгінгі іс-әрекеті баршамызға үлгі.

Ерұлан ДАТКЕН.
27 қаңтар 2018 ж. 1 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930