Жөлекте жұмыспен қамту жандануда
Шиелі ауданы, Жөлек ауылдық округінің әкімі Базарбек Кенжебайұлы 2017 жылғы атқарылған қорытынды есебін берді.
Жөлек ауылдық округінде екі елді мекеннен тұрады. Жөлек ауылы, Жуантөбе елді мекені. Округ бойынша 308 отбасы, 1750 халық тұрады.
Ауыл бойынша 30 шаруа қожалығы 18 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды.
Жөлек ауылы тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы: Ауылда мүйізді ірі қара малы 2598 бас, уақ мал 2201 бас, жылқы 904 бас.
Ауылда «Жөлек-Ырыс» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, ауылшаруашылығын қолдау қоры арқылы 15 млн. теңге несие алып, 63 бас мал алынған. «Бабасов» шаруақожалығы 4 млн. теңге несие алып, 16 бас ірі қара аналық мал тіркеліп, оның 5 басы ақбас асыл тұқымды бұқа. «Абылай» шаруа қожалығыда 2 ақбас асыл тұқымды бұқа алынған. Сонымен бірге «Бизнес бастау» бағдарламасы аясында 2 азамат 30 млн. теңге жеңілдетілген несие алып жұмыс жасауда.
2017 жылы Жөлек ауылдық мәдениет үйі ғимараты 48 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, 9 млн. теңгеге жаңа жиһаздармен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында өткен жылы Жөлек елді мекенінде жобалық құны 22 млн. теңгені құрайтын Жөлектік 5 азамат жеке қаржыларына спорттық сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізуде.
Алдағы атқарылатын жұмыстары: «Ұшқын» «Сенбек-Ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құру мақсатында құжаттары әзірленуде, қосымша 20 адам жұмыспен қамтылады. «Жайсаңбай» шаруа қожалығы бие сүтін өндіру фермасын ашу жұмыстарымен айналысуда. Қосымша 7 жұмыс орны ашылатын болады. «Жуантөбе» шаруа қожалығы 50 гектар жерге күріш, 20 гектар жерге бақша дақылдарын орналастырып, 25 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.