Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ҚҰРАМ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ЖАҢА ҚҰРАМ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жуырда Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың VІІІ шақырылымының алғашқы сессиясы өтті. Аталған сессияға ­аудан әкімі Нұржан Ахатов, құқық қорғау органдары басшылары, бірқатар мекеме басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Жиында ең әуелі аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Молдабай Дулатов сөз алып, кезектен тыс сайлау қорытындысын жариялап, сайланған депутаттарға куәлік пен арнайы төсбелгі табыстады. Сондай-ақ сессияда депутаттардың дауыс беру нәтижесімен мәслихат төрағасы болып Айтбай Жандарбеков сайланды. Сессия барысында аудан басшысы аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Айтбай Жандарбековтың білікті маман екендігін тілге тиек етіп, жаңа мәслихат төрағасының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосатынына сенім білдіре отырып, VIII шақырылымдағы депутаттардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
– Сіздерге артылар сенім мен міндет ауқымды. Себебі араларыңызда білікті су мамандары, мәдениет саласының майталмандары, мекеме басшылары, ірі өндіріс орындарының директорлары мен шаруа қожалық төрағалары, дәрігерлер, заңгерлер, қоғамдық ойдың көшбасшылары бар. Ендеше, 8 шақырылым депутаттарын тағы бір рет аудандық мәслихат депутаты атануларыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында бірлесіп, ел мүддесі үшін жұмыс істеуге шақырамын», – деді Нұржан Сәбитұлы.

Сымбат СҰЛТАН
03 сәуір 2023 ж. 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031