Бейсенбі күні 244 Ы.Жақаев атындағы мектепте «Медиация бітімгершілік алаңы» атты семинар-кездесу өтті. Жиынға ауылдардағы қоғамдық медиаторлар, педагог-психологтар қатысты....
Сенбілік – мекен шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайды. Тұғыры биік туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті екені сөзсіз. Бұл көріністің бір парасы ауданда әр сәрсенбі-бейсенбі күндері ұйымдастырылады....
Қоғамдағы әйел рөлінің маңыздылығын дәріптеп, ауыл әйелдерінің мәртебесін арттыруды мақсат тұтқан аналар форумы Шиелі ауданында өтті. Іс-шараға батыр аналар, әр салада жұмыс істеп жүрген әйел-аналар, мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты....
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобасы өзге аймақтарда кәдімгідей жүзеге асуда. Ал біздің ауданда сәл қалыс қалып бара жатыр деуге толықтай негіз бар. Себебі Шиелі ауданында бірде-бір әлеуметтік дүкен жоқ. Қазіргідей қиын экономикалық жағдайда...
Бейсенбі күні ауданда «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында «Қыс – 2023» республикалық командалық-штабтың оқу-жаттығу жиыны өтті....
Ата басылым – әркез қоғамдық пікірдің ұйытқысы. Оның бетінде өмірдің барлық саласы, ауданның күнделікті тіршілігі тұрақты көрініс табады. Бүгін біз жыл ішінде «Өскен өңірде» жарияланған, ел назарын ерекше аударып, шешімін тапқан мақалалардың бір шоғырына тоқталғанды жөн көрдік....
Құрылысы кең қанат жайып, өнеркәсібі өркендеген Шиелі өңірінде болашаққа бағдарланған игі істердің іргесі қалануда. Оған дәлел өткен аптада лентасы қиылған Жаңатұрмыстағы жаңа мектеп. Сондай-ақ аудан тұрғындарының басты мәселесі – баспаналы болу. Бұл тұрғыдан да толымды тірліктерді тілге тиек етуге болады....