ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН НЕГЕ ЖОҚ?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобасы өзге аймақтарда кәдімгідей жүзеге асуда. Ал біздің ауданда сәл қалыс қалып бара жатыр деуге толықтай негіз бар. Себебі Шиелі ауданында бірде-бір әлеуметтік дүкен жоқ. Қазіргідей қиын экономикалық жағдайда тұрмыс жағдайы төмен әлеуметтік топтарға арналған мұндай дүкендерді таппайсыз ауданнан. Оны біз де іздеп көрдік.
«Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы. Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек. Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады». Бұл Президент сөзі. Сонымен қатар Қ.Тоқаев: «Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл – жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады» деп дөп басып айтты. Жаны бар сөз. Соған байланысты 2020 жылдан бастап Президент «Егістіктен – дүкен сөресіне дейін» пилоттық жобасын тиімді және ұтымды пайдалануды ұсынды. Пилоттық жоба арқылы өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерін делдалсыз өткеруге болады.

Әлеуметтік дүкеннің өзге азық-түлік дүкендерінен ерекшелігі – халық күнделікті бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік өнімдерін төмен әрі белгіленген бағада сатуы. Расында, біздің ауданды айтпағанда қаланың кез келген аумағынан «әлеуметтік дүкен» деген жазуы бар шағын ғимаратты табу қиынға соқпайды. Әйтсе де, барлығы бірдей өз жұмысын жоғары деңгейде атқарып жатыр деп айту мүмкін емес. Бірақ әйтеуір әлеуметтік дүкен жоқ деген аттан жақсы.
Қалам ұшына іліккен мақаланың аннотациясында әлеуметтік дүкенді ауданнан іздеп көргенімізді айттық. Тиісті сала мамандарына да телефон шалдық. Білгеніміздей, ауданда ешбір әлеуметтік дүкен жоқ. Бұрын Бидайкөл ауылына кіре беріс маңда арнайы әлеуметтік дүкен болыпты. Бірақ белгілі бір себептерге байланысты жабылып қалып, қызметін тоқтатқан.
Дейтұрғанмен, әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түліктің бағасы үнемі бақылауда. Ұмытпаған боларсыздар, былтыр дәл осы уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары орта есеппен 22,4 пайызға қымбаттады. Атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде биыл баға тұрақталғанын айтады жауапты мамандар.
Әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасы тұрақталғаны қуантады, әрине. Алайда баға қанша бақылауда болса да, тұрмысы төмен отбасылардың, зейнеткерлердің, ардагерлердің, көпбалалы отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесін жолға қою үшін ауданда әлеуметтік дүкендер желісін жетілдіру қажет-ақ.
Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бай-бағланға да, орта тап өкіліне де керек. Тұрмысы төмен жандар үшін ғана емес, барлық тұрғын үшін арзан баға таптырмас олжа. Бүгінгідей алмағайып заманда халық тұрмысын тең деу ағаттық болар. Сайып келгенде күнделікті тұтынатын өнімдеріміз бәріне қолжетімді болса, жағдай да тұрақты саналады. Бірақ мемлекетке деген масылдық көзқарастан алшақ болу керек. Ұлы ақын Абай Құнанбаев: «Тамағы тоқтық, көйлегі көктік, аздырар адам баласын» деген жоқ па?
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ