ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы ауыл шаруашылығын дамыту бағытын түсіндіру бойынша Ақпараттық топ өкілдері "Төңкеріс К" шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесті.
Кездесу барысында ақпараттық топ өкілдері мемлекет басшысы Жолдауының басым бес бағытына тоқталып өтті.
Сондай- ақ, ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы. Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек – деді ақпараттық топ өкілі Лаура Қазыбекқызы
Сонымен қатар шаруа қожалық жұмысшылары Жолдау аясында бірқатар ұсыныстарын білдіріп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдаған Жолдауының іске асырылуына өз үлестерін қосатындарын айтты.