Вице-министр: Құрылыс қарқыны бәсеңсімеу керек
Құрылысы кең қанат жайып, өнеркәсібі өркендеген Шиелі өңірінде болашаққа бағдарланған игі істердің іргесі қалануда. Оған дәлел өткен аптада лентасы қиылған Жаңатұрмыстағы жаңа мектеп. Сондай-ақ аудан тұрғындарының басты мәселесі – баспаналы болу. Бұл тұрғыдан да толымды тірліктерді тілге тиек етуге болады.
Жұма күні аймаққа жаңалықтарды көзбен көру үшін арнайы іс-сапармен келген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин мен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және республикадағы барлық облыстардан әкім орынбасарлары мен құрылыс саласына жауапты басқарма мен инспекция басшылары Шиелі ауданы, Жаңатұрмыс ауылына келді. Ондағы мақсат – сапалы аумақтық жоспарлауды, коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инфрақұрылымын тиімді дамытуды қамтамасыз ету, тәжірибе алмасу. Іс-сапармен келген вице-министрге жаңа мектептің жай-күйін аудан басшысы Нұржан Ахатов таныстырып өтті.

– Нысан құрылысын «Авангард ПГС» мекемесі жүргізіп, халық игілігіне ұсынды. Құрылысқа республикалық бюджеттен 800 миллионның үстінде қаржы жұмсалды. Екі қабатты ғимаратта оқушыларға қажеттінің бәрі бар. Ауласы қоршалып, абаттандыру жұмыстары да жасалған, – деді аудан басшысы.
Одан әрі облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев сөз алды. «Алаштың көрнекті қайраткері Міржақып Дулатов: «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» деген. Мемлекет білім саласына үлкен қамқорлық көрсетуде.
Біздің өңірімізде де ауқымды жобалар қолға алынып, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл облыста 5 жаңа мектеп пайдалануға берілсе, 4 мектепке 1 850 орындық қосымша ғимарат салынды. Соның бірі Байсын ауылындағы осы 250 орындық мектеп. Баршаңызды жаңа білім ордасының пайдалануға берілуімен шын жүректен құттықтаймын» деді сала басшысы.
Балаша қуанған байсындықтар жаңа білім ордасының сәулетін ерекше сүйіспеншілікпен сөз етуде. Онда қазіргі таңда 240 оқушы 2 аусымда білім алуда. Қазіргі заман талабына сай жабдықталған пәндік кабинеттер, технологиялық дәріс беру бөлмелері, спорт, акт залдары, лингафон, кең де жайлы асхана бәрі де арнайы іс-сапармен келген вице-министр мен басшылардың көңілінен шықты.
Келесі бағыт – Шұғыла мөлтек ауданы
Шиелі ауданы – облысымызда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қатар өркендеп келе жатқан өңір. Өзіндік ерекшеліктерге ие. Аудан орталығы Шиелі кентінен теміржол және автомобиль жолының жақын өтетіндігі, қарт Қаратау мен Сыр өзенінің жақындығы да өңірдің табиғи ресурстарын молайта түсетіндігі түсінікті. Сондай-ақ аудан орталығына ауылдық округтер мен елді мекендердің таяу орналасуы, сауда-саттыққа, басқа да орта және шағын кәсіпкерліктерді өрістетуге жол ашып келеді. Осында мекен ететін тұрғындар базарлы қатынасқа ерте бейімделіп, өз кәсібін өрістете түсуімен тұрмыстық жағдайын да жақсартып отыр.
Міне, осындай жағымды себептерден аудан халқының саны арта түсуде. Сырттан көшіп келіп, мұнда орнығушылар қатары да жылдан жылға молайып келеді. Халық санының өсуіне байланысты соңғы жылдарда бірнеше шағын аудандар бой көтере бастады. Яғни тұрғын үйге де сұраныс көбейе түсуде. Қазіргі таңда аудан әкімдігінде тұрғын үйге мұқтаж адамдардың 5 санаты бойынша 1 885 адам кезекте тұр. Халықтың тілегін қанағаттандыру мақсатында көпқабатты тұрғын үйлер салынып, ел игілігіне берілуде. Осы атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсарын бақылап, сан мен сапаның үйлесім табуын тікелей көзбен көрмекке вице-министр Тимур Қарағойшин бастаған делегация кенттегі Шұғыла мөлтек ауданына барды. Айта кетейік халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына арналған 50 тұрғын үйді сатып алуға республикалық бюджеттен 480,0 млн теңге қаржы бөлінген. Берілген жер телімі 4 га болса, мердігер компания – «AmanatTradeGroup» ЖШС. Ал әр тұрғын үйдің бағасы 9,6 млн теңге. Сондай-ақ аудан басшысы тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрлым құрылысына 2 млрд 135 млн теңгенің бюджеттік өтінімі тиісті облыстық басқармаларға берілгенін тілге тиек етті. Вице-министр салынған нысандардың сапасына зер салып, құрылыс қарқынына оң бағасын берді.
100 тұрғын үй жаңа жылдың еншісінде
Расында, Шиеліде тұрғын үй құрылысы тоқтаған емес. Бұған дейін үйге мұқтаж кезекте тұрған азаматтарға 90 тұрғын үй, 88 пәтер табысталған болатын. Мәселен, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында кенттегі Көкшоқы мөлтек ауданында 18 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары толық аяқталып, 72 отбасы баспаналы болды. Оған бюджет қоржынынан 833,2 млн теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ Береке мөлтек ауданында 1 пәтерлі 3 бөлмелі 25 тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстарына 524 млн теңге қаржы жұмсалып, бүгінгі таңда ел игілігіне берілді. Оған қоса Шиелі кентінен 64,9 шаршы метр болатын 3 бөлмелі 20 пәтерге республикалық бюджеттен 168,0 млн теңге қаржы қаралғанын айтуға болады.

Аудан әкімі Нұржан Ахатов «жылдан жылға демографиялық өсім ұлғайып, тұрғын үйге деген қажеттіліктің көбеюіне байланысты 2024 жылға халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жоба құны 960 млн теңге болатын 100 тұрғын үй сатып алуды жоспарлап отырмыз» деп алдағы жоспарымен де бөлісті.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ