Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ




Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты.

Алдымен Талаптан ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс алаңына барды. Мердігер мекеме «Бақ-Береке 2030» ЖШС 0,30 гектар жерге ғимарат тұрғызбақ. Емдеу мекемесінде 19 қызметкер еңбек етеді.

Биыл республикалық бюджеттен ауданның 3 елді мекеніне дәрігерлік амбулатория салуға 1,3 млрд теңге бөлінген. Осылайша Бала би, Бұланбай бауы, Досбол би елді мекендерінде жаңа амбулатория құрылысы бастау алды.

Әрі қарай Нұрлыбек Машбекұлы Шиелі кентіндегі спорт-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Нысанның келісім-шарт құны 524 млн. теңге, бас мердігер «Промстройсервис» ЖШС. Ғимарат жақын күндері пайдалануға берілмек.

Облыс әкімі Жаңатұрмыс ауылдық округінде салынатын №207 орта мектептің құрылыс жұмыстарын да көрді. Бас мердігер «Авангард ПГС» ЖШС 250 орындық мектеп құрылысын биыл қараша айында аяқтап, халық игілігіне табыстайды.
Еске салсақ, Шиелі ауданында Мемлекет басшысының қолдауымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 900 орындық білім ордасын салу жоспарланған. Мұнан бөлек, алдағы жылы Жансейіт елді мекенінде 100 орындық мектеп құрылысы басталмақ.

Сапар соңында Нұрлыбек Машбекұлы Көкшоқы спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Аймақ басшысы барлық нысандардың құрылысын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтау қажеттігін қатаң ескертті.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

16 тамыз 2023 ж. 262 0