ЕЛДЕН ШЫҚҚАН СЕНАТОР ЕЛ ІШІНДЕ
Сәрсенбі күні Шиелі ауданына Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы арнайы іс-сапармен келді. Аудан әкімі Нұржан Ахатовпен бірге бірқатар елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағанбет Жағыпбаров, аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов пен тиісті сала басшылары қатысты.
Сапар барысында сенатор жаңадан соғылып жатқан бірқатар нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты. Депутат алдымен Бәйтерек ауылдық округіндегі күрделі жөндеуден өтіп жатқан көпірдің құрылысын көзбен көріп, сол маңда ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Тұрғындардың көпшілігі мемлекет жүргізіп жатқан саясатқа көңілдері толатынын айтып, сондай-ақ әйелдердің зейнет жасын қысқарту секілді ұсыныстарын білдірді. Олардың ұсыныстарын мұқият тыңдаған сенатор «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Алдағы уақытта әйелдер өздері қалаған жағдайда 58 жастан зейнетке шығуы үшін арнайы заң жобасы қабылдануы мүмкін» деп ақжолтай жаңалық жеткізді.

Одан әрі Мұрат Бақтиярұлы №148 орта мектеп ғимаратының бу қазандығын газға ауыстыру жұмыстарымен танысып, кейіннен Жаңатұрмыс ауылдық округінде жаңадан салынып жатқан 250 орындық мектептің құрылысын бақылады. Ауыл әкімінің айтуынша, қазіргі таңда Жаңатұрмыста 185 үй орналасқан. Дегенмен алдағы жылдарда халық саны бірнеше есе көбейеді деп отыр. Себебі 2020 жылы ауылда жаңадан 5 көше пайдалануға берілген. Бұл көшелерде 100-ге тарта үй салынады деп жоспарланыпты. Мұнан бөлек былтыр тұрғын үй құрылысын салуға 62 га жер телімі берілген. Сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржы қаралып, 200 тұрғын үйдің сызбасы дайындалған.
– Инфрақұрылым тарту жұмыстары аяқталғаннан кейін 200 тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға табысталады. Есептеуімізше бұл уақытта ауылдық округте тұрғын үй саны 185-тен 480-ге көбейеді, – дейді ауылдық округ әкімі Балдәурен Шәкіртаев.
Жаңатұрмыс ауылдық округінен кейін сенатор өзі туып-өскен Бәйгеқұм, Бала би ауылдық округтеріне жол жүрді. Жолай Шиелі кентінде салынып жатқан спорт сауықтыру кешені мен күрделі жөндеуден өтіп жатқан бұрынғы «Өскен өңір» редакциясы ғимаратына соғуды да ұмытпады. Ал өзі туып-өскен ауылда сенатор клуб үйінде тұрғындармен жүздесіп, әлеуметтік мәселелер жайында бірқатар сауалдарға жауап берді. Мұнан әрі Талаптан ауылдық округіндегі спорт мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, мердігер мекемеге құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды. Міне, осылайша Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлының Шиелі ауданына жасаған сапары аяқталды. Сенатор өзі барған барлық елді мекендерде тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, жауап беруге тырысты. Бастысы ел ішінде жүріп халықтың шынайы жағдайын көзбен көрді.
Рамазан ӘНӘПИЯ