Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ахуал тұрақталуда

ахуал тұрақталуда

Індет ілмегіне ілгеннен кейін халық қатты күйзелді, тарықты. Осындай қиын мезетте ел азаматтары жұдырықтай жұмылып, кем-кетікті түзеп бағуда. Қала берді бірқатар халық қалаулылары ауыл-аймақты аралап, ахуалды көзбен көруде. Олардың қатарында Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы бар. Ол жуырда аудандық ауруханаға келіп, емделушілердің хал-жағдайын білді.

Ауданда эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Себебі 15 шілдеге дейін тәулігіне 16 науқасқа дейін тіркелсе, қазір күніне 5-6 жағдай анықталуда. Бұл – карантин режимі мен медицина мамандарының еселі еңбегінің нәтижесі. Жалпы ауданда күні бүгінге дейін қауіпті індетті жұқтырған 217 науқас анықталған. Дәрігерлер олардың 134-ін емдеп, аяққа тік тұрғызған. ­Сенатор М.Бақтиярұлы аурухана мамандарымен тілдесіп, медициналық қажетті құрылғылармен танысты. Айта кетейік, емдеу нысанында қозғалмалы рентген құрылғысымен, бірнеше ИВЛ аппараты бар.
– Ауруханадағы жағдайды көзбен көрген М.Бақтиярұлы қауіпті індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге көмек ретінде қаржылай қолдау көрсетті. Қазір бір қуантарлығы, аудандағы ахуал оң нәтиже беріп жатыр. Бұл әрине, медицина мамандарының тынымсыз еңбегі мен тұрғындардың карантиндік жағдайды қатаң ұстануының арқасында. Бірақ осыған қарамастан босаңсудың еш қажеті жоқ, – деді аудандық аурухананың меңгерушісі Г.Дәулетова.

С.МАДИЯРОВА
25 шілде 2020 ж. 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930