Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » вирус жұқтырғандар саны 3356-ға жетті

вирус жұқтырғандар саны 3356-ға жетті

30 сәуір күні эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 68 адам тіркелді. Соңғы мәліметті сөйлетсек, қауіпті індетке байланысты расталған жағдай – 3356, олардың 832-сі жазылып шыққан.
Дертті жұқтырғандардың дені Алматы қаласында. Алматыда әлем жұртшылығына қауіп төндірген кеселге 988 адам шалдыққан. Ал Нұр-Сұлтанда – 631, Қызылорда облысында – 198 адам. Соңғы тәулікте анықталған жағдайдың он бірі Қызылорда қаласынан тіркеліп отыр. Барлығы коронавирус жұқтырған азаматтармен байланыста болған екен. Қазіргі күні карантинге жатқызылды.
Еліміздің өзге өңірлерінде де індетке тап болғандардың саны тәулік сайын өсуде. Соңғы ұсынылған дереккөз бойынша кеше Маңғыстауда – 2, Жамбылда – 3, Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Алматы облысында – 13, Шымкентте – 2, Алматы қаласында – 44 адам қосылған.
Айта кетейік, ауданда бүгінге дейін коронавирус инфекциясы бойынша 66 адам тіркеліп, оның 56-ы жазылып шықты.

С.МАДИЯРОВА
01 мамыр 2020 ж. 585 0