Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан вирус табылды

Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан вирус табылды

Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адамды анықтағанын хабарлады. "Коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам Нұр-Сұлтанда тіркелді. 19.00-де Алматыда 15 адам, Нұр-Сұлтан бойынша 18 адам, жалпы 33 науқас тіркелді", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Вирус жұқтырғандардың барлығы – шетелден келген Қазақстан азаматтары. Еске салайық, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин жарияланды. 19 наурыздан бастап, екі қаланың тұрғындары оқшауланып, адамдардың және көліктердің кіріп-шығуы шектеледі. Балабақшалар, азық-түлік сатпайтын базарлар, сауда орындарының жұмысы тоқтайды. Карантиннің басты мақсаты – Қазақстанның басқа қалаларына коронавирус таралуының алдын алу.

https://massaget.kz


18 наурыз 2020 ж. 978 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31