Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың саны 6-ға жетті

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың саны 6-ға жетті


Қазақстанда коронавируспен ауыратын тағы екі адам анықталды. Жұқтырғандардың жалпы саны алтыға жетті, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
"Алматы қаласында тағы бір адам коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Ол – 1958 жылғы ер азамат, жеке кәсіппен айналысады. Ол кісі Мәскеуден 10 наурыз ұшып келген. Қазіргі кезде ол азамат стационарда карантинде жатыр. Тағы да Нұр-Сұлтан қаласынан бір науқас әйел шықты. Ол Нұр-Сұлтанға Варшавадан ұшып келген", - деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Сәуле Кисикова баспасөз мәслихатында елордадағы коронавирустың бұл оқиғасын «дәл осы сағаттарда» Нұр-Сұлтан уақытша ауруханасында жатқан Қазақстан азаматы растағанын айтты.

«Азаматша 12 наурызда эпидемиологиялық тұрғыдан қолайсыз елдерден келген адамдарды бақылау аясында оқшауланды. Ол Варшавадан ұшып келгенімен де, Германияда болғанын айтты. Сондықтан біз оны ауруханаға жатқыздық. Азаматтың жағдайы қанағаттанарлық. Бортта 86 жолаушы болған. Сол тұлғаларды анықтау және олармен жұмыс жасаудың барлық алгоритмі басталды», – дейді Кисикова.
15 наурыз 2020 ж. 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930