Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдағы қауіпті вирустан үшінші адам көз жұмды

Қытайдағы қауіпті вирустан үшінші адам көз жұмды

BAQ.KZ. Қытайдың Ухань қаласында тарап жатқан коронавирустан үш адам өлді. Бұл туралы сол елдің денсаулық сақтау жөніндегі комитеті хабарлады.

Дәрігерлердің мәліметінше, 18 қаңтар күні вирусты жаңадан жұқтырған 59 жағдай тіркелген, ал 19 қаңтар күні тағы 77 адамның жұқтырғаны белгілі болған. Қауіпті індетті жұқтырған адамдар саны 198 жетіп отыр.

Сондай-ақ қауіпті індетті жұқтырғандардың 66-сы ер адам, 70-сі әйел. Ең жас науқастың жасы 25-те болса, жасы үлкені 89-да.

Вирусты жұқтырғандардың алдымен ыстығы көтеріліп, жөтеліп кеуде қуысы қысқан.

17 қаңтар күні коронавирустан екінші адамның көз жұмғаны белгілі болды, алғашқы науқас 11 қаңтарда бақилық болған.
20 қаңтар 2020 ж. 926 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728