Сақ болыңыз, КОРОНАВИРУС
Барлық континентте, әсіресе, Қытайда тарап жатқан вирусты уханьдық немесе жаңа коронавирус (2019-nCoV) деп атайды.
Ол алғаш Хубей провинциясындағы Ухань қаласында тіркелді және коронавирустың жаңа түрі екені анықталды. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша, АҚШ-тағы алғашқы 5 жағдай Уханьнан келген туристерде тіркелген. Коронавирус – вирустардың үлкен тұқымдасы, ол жануарлар арасында, оның ішінде түйе, мүйізді ірі қара мал, мысық пен жарқанаттарда кең таралған. Бірақ ауру жұқтырған адамдардың көпшілігі жануарлармен байланыс болмағанын айтады. Яғни тұмаудың жұғу жолы тәрізді ауа арқылы адамнан адамға берілуі мүмкін.
Белгілері: Қалтырау, жөтел, ентікпе
Соңғы мәлімет бойынша, инкубациялық кезең 2 күннен 14 күнге дейін созылуы мүмкін.
Қазіргі уақытта «Коронавирус» (2019-nCoV) инфекциясының алдын алатын екпе жоқ. Сол себепті сіз саяхатта болсаңыз немесе вирустан қауіптенсеңіз, аурудың алдын алудың ең тиімді жолы – оның әсер етуін болдырмау. Басқа қауіпсіздік шаралары өзге де респираторлық аурулардыкімен бірдей.
Алғашқы күдікті жағдай туралы ДДСҰ-ға 2019 жылдың 31 желтоқсанында хабарланды, ал ауру симптоматикасы бар алғаш науқас үш апта бұрын, 2019 жылдың 8 желтоқсанында тіркелген. 2020 жылдың 20 қаңтары Қытайдың Гуандун провинциясында вирустың адамнан адамға берілетіні дәлелденді. Әзірге вирусқа қарсы арнайы ем шықпады. Қазіргі кезде вирусты 2065 адамның жұқтырғаны, 56 адамның қайтыс болғаны, ал 49 адамның сауыққаны белгілі.
Қалай сақтану керек?
Қолыңызды сабынмен немесе сумен кем дегенде 20 секундтан жиі жуып тұрыңыз. Егер сабын мен су қолжетімсіз болса, спирт негізіндегі қолға арналған дезинфекция құралын қолданыңыз. Жуылмаған қолды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға жақындатпаңыз. Науқас адамдармен байланыстан қашыңыз. Ауырған кезіңізде үйде болыңыз. Жөтелген немесе түшкірген кезде бетіңізді майлықпен жауып, содан кейін оны қоқысқа тастаңыз. Сіз үнемі байланыста болатын құралдар мен үстіңгі қабатты тазартып, дезинфекция жасап тұрыңыз.
К.Әбішев,
Шиелі аудандық Тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау
басқармасының басшысы