ХХ ғасырдан бері миллиондаған адамның өмірін қиған індеттер
XX-XXI ғасырларда тұмау әлем бойынша миллиондаған адамның өмірін қиды. Статистика бойынша, жыл сайын тұмау эпидемиясынан 100 000 адамның 10-ы көз жұмады екен. Жиырмасыншы ғасырдан бері миллиондаған адамның өмірін қиған вирустар Қытайда пайда болған.
1918 жылы «Испан тұмауымен» жер шарының әрбір үшінші тұрғыны ауырған. Одан 100 млнға жуық әлем тұрғыны көз жұмып, 550 млн адам жұқтырған. Ал 1958 жылы тараған «Азияттық тұмаумен» 1 млрд адам ауырып, 3 млн-ға жуық науқас қайтыс болған. «Гонконг тұмауы» 1968 жылы белең алып, әлем бойынша 700 мың адам көз жұмды. Ал 1,5 млрд адам бұл індетті жұқтырған. 2002 жылы шыққан «Атиптік пневмонияны» 8096 адам жұқтырып, 774 науқас қайтыс болды. Ал 2003 жылы белең алған «Құс тұмауы» 262 адамның өмірін жалмады. «Шошқа тұмауы» 2009 жылы пайда болды. Індетпен 415 мың адам ауырып, оның 5850-і көз жұмды. 2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында пневмонияның жаңа түрі, коронавирус пайда болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ауруды 2019-nCoV деп белгіледі. 2020 жылдың 29 қаңтарындағы жағдай бойынша, коронавирусты жұқтырғандар саны 6 мыңнан асып, 130-дан астам науқас көз жұмды.
Д.Доспан