Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус бойынша Қазақстандағы ахуал – 16 наурыз

Коронавирус бойынша Қазақстандағы ахуал – 16 наурыз

Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 9 науқас тіркелді: Алматы қаласында – 7, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1 мың 641 адам, үй карантинінде 981 адам жатыр. Сонымен қатар, ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Барлық санат бойынша мониторингке 2 мың 626 адам алынды, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1 мың 689, 1 «б» санаты бойынша – 586, 2-ші санат бойынша – 351 адам. Мониторингке алынған 2 мың 626 адамның 503-іне бақылау тоқтатылды. 16 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2 мың 123 адамға мониторинг жүргізуде. Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 129 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 39 адам, 2-ші санат бойынша – 43 адам, 3-ші санат бойынша - 47 адам. Ауруханада жатқан 129 адамның 65-і үйлеріне шықты. Стационарда 73 науқас қалды, оның ішінде 64 пациенттің дене қызуы көтерілген, ЖРВИ белгілері бар, ал 9 КВИ жұқтырған науқастар. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай Әлемде 158 елде 169 374 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде: - ҚХР-да 80 884 (тәулігіне - 20 жағ.) жағдай (күн сайынғы өсім – 0,02%), оның ішінде - 3 199 өліммен аяқталған (өлім көрсеткіші – 3,9%). 66 911 адам жазылған (82,7%). Стационарларда 10 734 науқас қалады; - әлемнің басқа елдерінде – 88 514 (круиз лайнерін қоса алғанда) оқиға (күн сайынғы өсім – 17,0% құрады), оның ішінде – 3 302 өліммен аяқталған, өлім көрсеткіші-3,7 %. 1 «а» санаты бойынша: - Италияда - 24 747 оқиға (тәулігіне - 3590 жағ. өсім – 16,9%), қайтыс болғандар – 1 809 (тәулігіне – 368, өсімі – 25,5%); - Иранда – 13 938 оқиға (тәулік ішінде - 1209 жағ. өсім – 9,5%), қайтыс болғандар - 724 (тәулігіне - 113, өсім - 18,5%); - Оңтүстік Кореяда – 8 162 оқиға (тәулігіне - 76 жағ. өсімі – 0,9% - ға), қайтыс болғандар саны – 75 (тәулігіне – 3, өсімі – 4,1%). 1 «б» санаты бойынша: - Францияда - 5 423 оқиға (тәулігіне – 954 жағ. өсім-21,3%), қайтыс болғандар - 127 (тәулік ішінде - 36, өсім – 39,51%); - Испанияда - 7 845 оқиға (тәулік ішінде – 1 454 жағ.өсім - 22,7%), қайтыс болғандар – 292 (тәулік ішінде - 97, өсім - 49,7%); - Германия – 5 813 оқиға (тәулік ішінде – 1214 жағ. өсім – 26,4%), қайтыс болғандар саны – 11 (тәулігіне – 2, өсім 22,2%). 2-ші санат бойынша: - Швейцарияда – 2 217 оқиға (тәулігіне – 842 жағ. өсім -61,2%), қайтыс болғандар - 14 (тәулік ішінде - 1, өсім – 7,6%); - Нидерландта – 1 135 оқиға (тәулік ішінде – 176 жағ.өсім - 18,3%), қайтыс болғандар – 20 (тәулік ішінде - 8, өсім - 66,6%); - Ұлыбританияда – 1 391 оқиға (тәулік ішінде – 251 жағ. өсім – 22,0%), қайтыс болғандар саны – 35 (тәулігіне – 14, өсім 66,6%). ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді: - қолды, бетті сабынмен жиі және мұқият жуу; - адамдар көп жиналатын жерлерге мүлдем бармау; - сырқат адамдарға жақындамау; - суық тию белгілері пайда болған жағдайда ( дене қызуы жоғарылап, мұрын бітелсе, жөтел, тамақтың ауыруы) тез арада үйге жедел жәрдем шақыру қажет. Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан және Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және өзге де сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады

16 наурыз 2020 ж. 549 0