Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенатор Мұрат Бақтиярұлы жаңа қызметке ауысты

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы жаңа қызметке ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Сенатор Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты.
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы комитет төрағасы қызметінен ауысуға ниет білдірді. Мұрат Бақтиярұлы біраз жыл бойы осы комитетке басшылық етті. Маңызды заңдардың қабылдануына, Парламенттік тыңдаулар мен Үкімет сағаттарын өткізіп, әлеуметтік-мәдени және ғылым мәселелерін шешуге үлкен үлес қосты, - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында.
Мұрат Бақтиярұлы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамында қызмет етуге өтініш білдірді, - деп айтты ол.
Палата спикері Мұрат Бақтиярұлына комитет төрағасы ретінде атқарған табысты қызметі үшін әріптестері атынан алғыс айтты.Регламентке сәйкес бұл мәселелер бойынша шешімді Палата отырысында депутаттар бірауыздан қабылдады.
20 қаңтар 2022 ж. 984 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031