Кәсіпкерлермен кездесу

Кездесуде Мұрат Бақтиярұлы мемлекет тарапынан болып жатқан әлеуметтік қолдау шаралары және білім, медецина саласындағы жалпы жастарға жасалатын жағдайлар жайында ақпаратымен бөлісті.
Сондай-ақ партияның жеткен жетістігі мен алдағы жетістікке жетелейтін жобалары жайында толық айтып өтті. Пандемияға орай карантин уақытында кәсіпкерлерге қиындық туғанын жеткізіп, десе де мемлекеттен кәсіпкерлік саласына қолдау болғанын жеткізді.
Жиын соңында ұсыныс-пікірлер болып, жауаптар алынды, сонымен қатар сайлауға түсіп жатқан кандидаттарға сәттілік тіледі.
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Шиелі ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.