Бүгін "Nur Otan" партиясының республикалық сайлауалды штабы Жаңақорған, Шиелі аудандарына сапар жасады
Құрамында мәжіліс пен маслихат депутаттығына үміткер ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Генадий Шиповских, "Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ құрлыс директоры Тілеуберген Шаутай, Қызылорда облыстық көпбейінді медицина орталығының директоры Нұриддин Әмитов секілді азаматтар бар делегация әуелі төңіректегі "Семізбай-U" ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті. Бұдан бөлек, үгіт-насихат сапында "Nur Otan" партиясының Шиелі аудандық филиалының бірінші орынбасары П.Махамбет, аудандық мәслихат хатшысы Б.Сыздық, мәслихат депутаттары бар.
Өндіріс басшысы М.Салқынбаев меймандарды күтіп алды. Кандидаттар мекеменің арнайы мәжіліс залында жұмысшылармен еркін форматта, тікесінен тік тұрып жүздесу өткізді. Кездесу барысында қоғамдағы түйткілді мәселелер ашық талқыланып, үміткерлер тарапынан түйткілдің түйінін тарқату жолдары нақты түсіндірілді. Жұмысшылардың ұсыныс-пікірлері түртіп алған үміткерлер, болашақта партияның назарында болатынын айтты.
Осыдан кейінгі сапар батыстағы Бала би ауылдық мәдениет үйінде жалғасты. Онда Партия мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Сондай-ақ, халықтың өтініш-тілектерін тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап берді.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы, Шиелі
аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді
аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді